Степногорск қалалық мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы № 4С-18/8 "Степногорск қаласы және кенттердегі бір жолғы талон мен белгіленген салық мөлшерлемесінің құн көлемін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 4С-45/4 шешімі. Ақмола облысы Степногорск қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 2 желтоқсанда № 1-2-150 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 28 ақпандағы № 5С-13/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 28.02.2013 № 5С-13/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық Кодексі) 422 бабының 2 тармағына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Степногорск қалалық мәслихатының «Степногорск қаласы және кенттердегі бір жолғы талон мен белгіленген салық мөлшерлемесінің құн көлемін бекіту туралы» 2009 жылғы 31 наурыздағы № 4С-18/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-2-111 болып тіркелген, 2009 жылғы 29 мамырда «Степногорск ақшамы» және «Вечерний Степногорск» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің атауы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «Степногорск қаласы және кенттерде бір жолғы талондардың құнын және тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы»;
      көрсетілген шешімнің 3 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       С.Гамастинов

      Қалалық мәслихатының
      хатшысы                                    Ғ.Көпеева

      КЕЛІСІЛДІ

      Степногорск қаласының әкімі                А.Никишов

      «Степногорск қаласы бойынша
      Салық басқармасы» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Д.Бекболатов

Степногорск қалалық
мәслихатының 2011 жылғы
4 қарашадағы № 4С-45/4
шешіміне қосымша  

Степногорск қалалық 
мәслихатының 2009 жылғы
31 наурыздағы № 4С-18/8
шешіміне 3 қосымша 

Тіркелген салық ставкалары

р/с

Салық салу объектісінің атауы

Айында (айлық есептік көрсеткішімен) салынатын тіркелген салық ставкасының мөлшері

1

Бильярд үстелі

5

2

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

3

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

4

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

5

Ойын жолы

15

6

Карт

2

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады