Мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № С-40/15 шешімі. Ақмола облысы Бурабай ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 16 қаңтарда № 1-19-217 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 5С-14/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 29.03.2013 № 5С-14/4 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет Стандартының 11 тармағына сәйкес Бурабай аудандық маслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бурабай ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) алынып тасталды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2012.03.27 № 5С-2/3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      2) ауданның табысы аз тұрмысы отбасыларынан және ауылдық (селолық) жерде тұратын көпбалалы отбасыларынан шыққан, колледждерде оқитын студенттерге оқуы үшін бір жолғы жылдық төлем мөлшерінде;
      3) туберкулезбен ауыратындарға амбулаториялық емделу кезінде қосымша тамақтануы үшін бір жолғы 5000 (бес мың) теңге көлемінде;
      4)алынып тасталды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2012.03.27 № 5С-2/3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      5) Мүгедек балаларға «Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жанындағы күндізгі мерзімге келу кабинеті және «Щучинск қаласының № 6 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» мемлекеттік мекемесіне баруға мүгедек балаларға қала бойынша жолақысын төлеуге тоқсан сайын бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      6) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық Мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнының Бурабай аудандық бөлімшесімен ұсынылған тізімдер негізінде Жеңіс күніне арналған бір жолғы ақшалай төлемдер:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 15000 (он бес мың) теңге;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға – 5000 (бес мың) теңге;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген басқа тұлғалар санаттарына – 3000 (үш мың) теңге;
      7) алынып тасталды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2012.03.27 № 5С-2/3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      8) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға подгузник алуға ай сайын 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
      9) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына коммуналдық қызмет шығындарын өтеу үшін ай сайын бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2012.03.27 № 5С-2/3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      2. Әлеуметтік көмек алу үшін қажетті құжаттар тізімін осы шешімнің қосымшасына сәйкес анықталсын.
      3. Бурабай аудандық мәслихаттың «Мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек жасау туралы» 2010 жылғы 13 сәуірдегі № С-25/4 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-19-178 тіркелген, 2010 жылғы 3 маусымдағы «Бурабай» және «Луч» аудандық газеттерінде жарияланған),
      «Бурабай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 13 сәуірдегі № С-25/4 «Мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек жасау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2010 жылғы 29 қазандағы № С-28/2 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-19-185 тіркелген, 2010 жылғы 23 желтоқсандағы «Бурабай» және «Луч» аудандық газеттерінде жарияланған),
      «Бурабай аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 13 сәуірдегі № С-25/4 «Мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек жасау туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 8 сәуірдегі № С-32/3 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-19-198 тіркелген, 2011 жылғы 28 сәуірдегі «Бурабай» және «Луч» аудандық газеттерінде жарияланған),
       «Бурабай аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 13 сәуірдегі № С-25/4 «Мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек жасау туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы» 2011 жылғы 7 шілдедегі № С-33/19 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-19-204 тіркелген, 2011 жылғы 28 шілдедегі «Бурабай» және «Луч» аудандық газеттерінде жарияланған) шешімдердің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      XXХХ сессиясының хатшысы                   Г.Прохорова

      Аудандық мәслихаттың
      төрағасы                                   Г.Марченко

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Бурабай ауданының әкімі                    В.Балахонцев

Бурабай аудандық    
мәслихаттың       
2011 жылғы 23 желтоқсандағы
№ С-40/15 шешіміне   
қосымша         

Әлеметтік көмек алу үшін қажетті
құжаттар тізімі

      1.алынып тасталды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2012.03.27 № 5С-2/3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      2.Ауданның тұрмысы төмен отбасыларынан және ауылды жерде тұратын көпбалалы отбасыларынан шыққан, колледждерде оқитын студенттерге оқуы үшін:
      1) өтініш;
      2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
      4) оқу орнынан жылдық төлем мөлшері көрсетілген анықтама;
      5) оқу шартының көшірмесі;
      6) отбасының табыстарын немесе көпбалалы отбасы мәртебесін растайтын құжаттардың көшірмесі.
      3. Туберкулезбен ауыратындарға амбулаториялық емделу кезінде қосымша тамақтануы үшін:
      1) өтініш;
      2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, кәмелетке толмаған балалар үшін – тууы туралы куәлік және әке-шешесінің (асыраушы, қорғаншы) біреуінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
      4) туберкулез диспансерінде амбулаториялық емделуде екендігі туралы медициналық мекеменің анықтамасы.
      4.алынып тасталды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2012.03.27 № 5С-2/3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      5. «Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жанындағы күндізгі мерзімге келу кабинеті және «Щучинск қаласының № 6 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» мемлекеттік мекемесіне баруға мүгедек балаларға қала бойынша жолақысын төлеуге:
      1) өтініш;
      2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) тууы туралы куәліктің көшірмесі;
      4) тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
      5) мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі.
      6. Ұлы Отан соғысына қатысушыларға подгузник алу үшін:
      1) өтініш;
      2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
      4) Ұлы Отан соғысына қатысушының немесе мүгедегінің куәлігінің көшірмесі;
      5) дәрігерлік-сараптамалық комиссиясының анықтамасы.
      7. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке жетпеген тұтқындарына:
      1) өтініш;
      2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
      4) жеңілдіктер алу санатында екендігін растайтын құжаттың көшірмесі.
      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі қоса ұсынылады, кейін құжаттардың түпнұсқалары құжаттарды тапсырған күні өтініш берушіге қайтарылады.

Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан

Решение Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 23 декабря 2011 года № С-40/15. Зарегистрировано Управлением юстиции Бурабайского района Акмолинской области 16 января 2012 года № 1-19-217. Утратило силу решением маслихата Бурабайского района Акмолинской области от 29 марта 2013 года № 5С-14/4

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Бурабайского района Акмолинской области от 29.03.2013 № 5С-14/4 (вступает в силу вводится в действие со дня подписания).

      В соответствии со статьей 56 Бюджетного Кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», пунктом 11 Стандарта государственной услуги «Назначение и выплата социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов», утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2011 года № 394 Бурабайский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Оказать социальную помощь отдельным категориям нуждающихся граждан Бурабайского района на:
      1) исключен - решением Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 27.03.2012 № 5С-2/3 (вводится в действие со дня официального опубликования)
      2) единовременную оплату за учебу в колледжах студентам из малообеспеченных семей района и многодетных семей аульной (сельской) местности, в размере годовой оплаты за учебный год;
      3) дополнительное питание больным туберкулезом на период амбулаторного лечения в размере 5000 (пять тысяч) тенге единовременно;
      4) исключен - решением Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 27.03.2012 № 5С-2/3 (вводится в действие со дня официального опубликования)
      5) детям-инвалидам на бесплатный проезд по городу для посещения кабинета дневного пребывания при государственном учреждении «Отдел занятости и социальных программ Бурабайского района» и государственного учреждения «Кабинет психолого-педагогической коррекции № 6, города Щучинск» ежеквартально, в размере одного месячного расчетного показателя;
      6) единовременные денежные выплаты ко Дню Победы на основании списков предоставленных Бурабайским районным отделением Республиканского Государственного казенного предприятия «Государственный центр по выплате пенсий»:
      участникам и инвалидам Великой Отечественной войны – 15000 (пятнадцать тысяч) тенге;
      лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны – 5000 (пять тысяч) тенге;
      другим категориям лиц, приравненным по льготам и гарантиям к участникам Великой Отечественной войны – 3000 (три тысячи) тенге»;
      7) исключен - решением Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 27.03.2012 № 5С-2/3 (вводится в действие со дня официального опубликования)
      8) участникам Великой Отечественной войны на приобретение подгузников ежемесячно в размере 5000 (пять тысяч) тенге;
      9) бывшим несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период второй мировой войны ежемесячно на возмещение расходов по оплате коммунальных услуг в размере одного месячного расчетного показателя.
      Сноска. Пункт 1 с изменениями внесенными решением Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 27.03.2012 № 5С-2/3 (вводится в действие со дня официального опубликования)
      2. Определить перечень документов необходимых для получения социальной помощи согласно приложению к настоящему решению.
      3. Признать утратившими силу решения Бурабайского районного маслихата «Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан» от 13 апреля 2010 года № С-25/4 (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 1-19-178, опубликовано 3 июня 2010 года в районных газетах «Бурабай» и «Луч»), «О внесении изменений в решение Бурабайского районного маслихата от 13 апреля 2010 года № С-25/4 «Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан» от 29 октября 2010 года № С-28/2 (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 1-19-185, опубликовано 23 декабря 2010 года в районных газетах «Бурабай» и «Луч»), «О внесении дополнений в решение Бурабайского районного маслихата от 13 апреля 2010 года № С-25/4 «Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан» от 8 апреля 2011 года № С-32/3 (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 1-19-198, опубликовано 28 апреля 2011 года в районных газетах «Бурабай» и «Луч»), «О внесении дополнения в решение Бурабайского районного маслихата от 13 апреля 2010 года № С-25/4 «Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан» от 7 июля 2011 года № С-33/19 (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 1-19-204, опубликовано 28 июля 2011 года в районных газетах «Бурабай» и «Луч»).
      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель
      ХХХХ сессии
      районного маслихата                        Г. Прохорова

      Секретарь
      районного маслихата                        Г. Марченко

      «СОГЛАСОВАНО»

      Аким Бурабайского района                   В. Балахонцев

Приложение к решению    
Бурабайского районного маслихата
от 23 декабря 2011 года   
№ С-40/15          

Перечень документов, необходимых для
получения социальной помощи

      1.исключен - решением Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 27.03.2012 № 5С-2/3 (вводится в действие со дня официального опубликования)
      2. На оплату за учебу в колледжах студентам из малообеспеченных семей района и многодетных семей аульной (сельской) местности:
      1) заявление;
      2) копия документа, удостоверяющего личность заявителя;
      3) копия документа, удостоверяющего местожительство семьи;
      4) справка с места учебы с указанием суммы оплаты за учебный год;
      5) копия договора на обучение;
      6) копии документов, подтверждающие сведения о доходах семьи, либо статус многодетной семьи.
      3. На дополнительное питание больным туберкулезом на период амбулаторного лечения:
      1) заявление;
      2) копия документа, удостоверяющего личность заявителя, а для несовершеннолетних детей – копию свидетельства о рождении и документа, удостоверяющего личность одного из родителей (опекунов, попечителей);
      3) копия документа, удостоверяющего местожительство;
      4) справка, медицинского учреждения о нахождении на амбулаторном лечении в туберкулезном диспансере.
      4.исключен - решением Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 27.03.2012 № 5С-2/3 (вводится в действие со дня официального опубликования)
      5. Детям-инвалидам на бесплатный проезд по городу для посещения кабинета дневного пребывания при государственном учреждении «Отдел занятости и социальных программ Бурабайского района» и государственного учреждения «Кабинет психолого-педагогической коррекции № 6, города Щучинск»:
      1) заявление;
      2) копия документа, удостоверяющего личность заявителя;
      3) копия свидетельства о рождении;
      4) копия документа, удостоверяющего местожительство;
      5) копия справки об инвалидности.
      6. Участникам Великой Отечественной войны на приобретение подгузников:
      1) заявление;
      2) копия документа, удостоверяющего личность заявителя;
      3) копия документа, удостоверяющего местожительство;
      4) копия удостоверения участника или инвалида Великой Отечественной войны;
      5) справка врачебно-консультативной комиссии.
      7. Бывшим несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период второй мировой войны на оплату коммунальных услуг:
      1) заявление;
      2) копия документа, удостоверяющего личность заявителя;
      3) копия документа, удостоверяющего местожительство;
      4) копия документа, подтверждающего принадлежность к льготной категории.
      Документы предоставляются в копиях и подлинниках для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю в день подачи документов.