Бурабай аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № С 40/15 "Мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 наурыздағы № 5С-2/3 шешімі. Ақмола облысы Бурабай ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 19 сәуірде № 1-19-227 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 5С-14/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 29.03.2013 № 5С-14/4 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет Стандартының 11 тармағына сәйкес Бурабай аудандық маслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бурабай аудандық мәслихаттың «Мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № С-40/15 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-19-217 тіркелген, 2012 жылғы 9 ақпанда аудандық «Бурабай» газетінде, 2012 жылғы 9 ақпанда аудандық «Луч» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      1 тармақтың 6 тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық Мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнының Бурабай аудандық бөлімшесімен ұсынылған тізімдер негізінде Жеңіс күніне арналған бір жолғы ақшалай төлемдер:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 15000 (он бес мың) теңге;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға – 5000 (бес мың) теңге;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген басқа тұлғалар санаттарына – 3000 (үш мың) теңге;
      147 тармақшалар алып тасталсын.
      2. Бурабай аудандық мәслихаттың аталған шешімінің қосымшасындағы әлеуметтік көмек алу үшін қажетті құжаттар тізімінің 1 және 4 тармақтары алып тасталсын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      II сессиясының хатшысы
      төрағасы                                   Р.Махаев

      Аудандық мәслихаттың                       Ө.Бейсенов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Бурабай ауданының әкімі                    В.Балахонцев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады