Ескерту. Деректемелерінде қазақ тілінде өзгеріс енгізілді, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жаңажол ауылдық округі әкімінің 25.04.2017 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармақшасына және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Жаңажол ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жаңажол ауылдық округінің құрамындағы бөліктеріне (қыстақтарға) келесі атаулары берілсін:
1) Аққұдық-1
2) Құмқұдық-1
3) Құмқұдық-2
4) Нұржау
5) Шатай
6) Баспаққора
7) Қарашбай
8) Шешенқора
9) Аққұдық-2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз міндетіме аламын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңажол ауылдық округінің әкімі | Қ.Қоңқаев |