Жаңажол ауылдық округі құрамындағы бөліктеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жаңажол ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 5 қазандағы № 3 шешімі. Ақтөбе облысы Байғанин аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 25 қазанда № 3-4-123 тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің атауында және бүкіл мәтін бойынша "селолық" деген сөзі тиісінше "ауылдық" деген сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жаңажол ауылдық округі әкімінің 25.11.2014 № 06 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Деректемелерінде қазақ тілінде өзгеріс енгізілді, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жаңажол ауылдық округі әкімінің 25.04.2017 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармақшасына және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Жаңажол ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жаңажол ауылдық округінің құрамындағы бөліктеріне (қыстақтарға) келесі атаулары берілсін:
      1) Аққұдық-1
      2) Құмқұдық-1
      3) Құмқұдық-2
      4) Нұржау
      5) Шатай
      6) Баспаққора
      7) Қарашбай
      8) Шешенқора
      9) Аққұдық-2
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз міндетіме аламын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Жаңажол ауылдық округінің әкімі Қ.Қоңқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады