Байғанин ауданы Жаңажол селолық округі әкімінің 2011 жылғы 5 қазандағы № 3 "Жаңажол ауылдық округі құрамындағы бөліктеріне атау беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жаңажол ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 3 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 2 мамырда № 5479 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Коституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Коституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Байғанин ауадын Жаңажол ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Байғанин ауданы Жаңажол селолық округі әкімінің 2011 жылғы 5 қазандағы № 3 "Жаңажол ауылдық округі құрамындағы бөліктеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-4-123 тіркелген, 2011 жылғы 03 қарашада "Жем Сағыз" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі деректемелерінде "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын;

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңажол ауылдық округінің әкімі К.Конкаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады