Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қопа ауылдық округі әкімінің 25.11.2014 № 10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "селолық" деген сөздер тиісінше "ауылдық" деген сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қопа ауылдық округі әкімінің 25.11.2014 № 10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Деректемелерінде қазақ тілінде өзгеріс енгізілді, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қопа ауылдық округі әкімінің 20.04.2017 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қопа ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қопа ауылдық округі әкімінің 10.03.2021 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).1. Қопа ауылдық округінің құрамындағы бөліктеріне (қыстақтарға) келесі атаулары берілсін;
1) Қызылсай
2) Шолақсай
3) Байтілеу
4) Ақмола
5) Сарбас
6) № 239 разъезд
7) Егіндісай
8) Қоңырсай – 1
9) Қоңырсай – 2
10) Ақкүб
11) Шибұлақ
12) Ебейті
13) Нүркебай
14) Терекбай
15) Үшбұлақ
16) Қарлыкемер
Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қопа ауылдық округі әкімінің 10.03.2021 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қопа ауылдық округі әкімінің 10.03.2021 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қопа ауылдық округінің әкімі м.а. | Т.Муханов |