Байғанин ауданы Қопа селолық округі әкімінің 2011 жылғы 25 қазандағы № 10 "Қопа ауылдық округі құрамындағы бөліктеріне (қыстақтарға) атаулар беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қопа ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 20 сәуірдегі № 4 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылы 27 сәуірде № 5468 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Байғанин ауданы Қопа ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Байғанин ауданы Қопа селолық округі әкімінің 2011 жылғы 25 қазандағы № 10 "Қопа ауылдық округі құрамындағы бөліктеріне (қыстақтарға) атаулар беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-4-133 тіркелген, 2011 жылғы 22 қарашада "Жем-Сағыз" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі деректемелеріндегі "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қопа ауылдық округі әкімі М.Байтақ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады