Ескерту. Деректемелерінде қазақ тілінде өзгеріс енгізілді, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округі әкімінің 13.04.2017 № 8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 3аңының 35 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармақшасына және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Сартоғай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Сартоғай ауылдық округінің құрамындағы бөліктеріне (қыстақтарға) келесі атаулары берілсін;
1) Шортан
2) Тұщықұдық
3) Қаратөбе
4) Аша
5) Нұрқожа-1
6) Нұрқожа-2
7) Бисек
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз міндетіме аламын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сартоғай ауылдық округінің әкімі | Е.Қарабасов |