Сартоғай ауылдық округі құрамындағы бөліктеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 4 шешімі. Ақтөбе облысы Байғанин аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 25 қазанда № 3-4-121 тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің атауында және бүкіл мәтін бойынша "селолық" деген сөздер тиісінше "ауылдық" деген сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округі әкімінің 03.11.2014 № 15 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Деректемелерінде қазақ тілінде өзгеріс енгізілді, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округі әкімінің 13.04.2017 № 8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 3аңының 35 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармақшасына және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Сартоғай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Сартоғай ауылдық округінің құрамындағы бөліктеріне (қыстақтарға) келесі атаулары берілсін;
      1) Шортан
      2) Тұщықұдық
      3) Қаратөбе
      4) Аша
      5) Нұрқожа-1
      6) Нұрқожа-2
      7) Бисек
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз міндетіме аламын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сартоғай ауылдық округінің әкімі Е.Қарабасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады