Сартоғай селолық округі әкімінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 4 "Сартоғай селолық округі құрамындағы бөліктеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округінің әкімінің 2014 жылғы 03 қарашадағы № 15 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 13 қарашада № 4069 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Сартоғай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Сартоғай селолық округі әкімінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 4 «Сартоғай селолық округі құрамындағы бөліктеріне атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-4-121 тіркелген, 2011 жылғы 3 қарашадағы «Жем-Сағыз» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі атауында және бүкіл мәтіні бойынша «селолық» сөздері тиісінше «ауылдық» сөзімен ауыстырылсын, шешімнің орыс тіліндегі мәтінінде өзгермейді.
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Сартоғай ауылдық округі әкімі

Е.Карабасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады