Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2013.01.23 № 94 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 6 бабы және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-ІV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін қолданысқа енгізу туралы» Заңының 36 бабының 6 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Аудандық мәслихаттың ««Аметист» нарығында тауарларды өткізетін тұлғаларға және эпизодтық мінезді қызметтегі жеке тұлғаларға арналған бір жолғы талондар құнының мөлшерін белгілеу туралы» 2009 жылғы 22 шілдедегі № 149 (нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3-6-90 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 10 қыркүйектегі аудандық «Карғалы» газетінде № 44-45 жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
аудандық мәслихаттың ««Аметист» нарығында тауарларды өткізетін тұлғаларға және эпизодтық мінезді қызметтегі жеке тұлғаларға арналған бір жолғы талондар құнының мөлшерін белгілеу туралы» 2009 жылғы 22 шілдедегі № 149 шешімінің «Үй жануарларын жайлау бойынша қызметтер» атты қосымшасындағы 10 жолдағы 40 саны 80 санымен алмастырылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихаттың
сессиясының төрағасы хатшысы
Ә.Бахонов Ж.Құлманов