Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2013.01.23 № 94 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" № 148 Заңының 6 бабы және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-ІV КРЗ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін іске енгізу туралы" Заңының 36 бабының 6 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. "Аметист" нарығында тауарларды өткізетін тұлғаларға және эпизодтық мінезді қызметтегі жеке тұлғаларға арналған бір жолғы талондар құнының бір күндік мөлшері, қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы: хатшысы:
Ж.Көлжанов Ж.Құлманов
Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 22 шілдедегі
№ 149 шешіміне
Қосымша
"Аметист" нарығында тауарларды өткізетін тұлғаларға және эпизодтық мінезді қызметтегі жеке тұлғаларға арналған бір жолғы талондар құнының мөлшері
Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2011.04.26 № 291 (ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді) Шешімімен.
№ р/н | Кәсіпкерлік қызметтің түрлері |
Бір жолғы талондар құны (теңге) |
---|---|---|
1 |
Газетпен жорналдарды сату |
20 |
2 |
Тұқымдарды, сонымен қатар отырғызуға арналған материалдарды (бұтақтар, екпелер) сату |
20 |
3 |
Бақшалық өнімдерді сату |
300 |
4 |
Үй жанындағы және саяжай учаскелеріндегі өсірілген гүлдерді сату |
50 |
5 |
Қосымша ауыл шаруашылықтарының өнімдерін сату: сүт – 20 л. жоғары |
30 |
6 |
Қосымша ауыл шаруашылықтарының өнімдерін сату: ет – 20 кг. жоғары |
30 |
7 |
Бақша және саяжай учаскелерінің өнімдерін сату: картоп, көкөніс – 50 кг. жоғары |
100 |
8 |
Бақша шаруашылықтарының өнімдерін сату: жеміс-жидектер – 20 кг. жоғары |
200 |
9 |
Жер учаскелерін өңдеу жөнінде жеке трактор және мотоплуг иелерінің қызметтері |
200 |
10 |
Үй жануарларын жайлау бойынша қызметтер |
80 |
11 |
Азық-түлік тауарларын нарықта сату |
140 |
12 |
Өнеркәсіп тауарларын нарықта сату. |
120 |