Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 22 шілдедегі № 149 ""Аметист" нарығында тауарларды өткізетін тұлғаларға және эпизодтық мінезді қызметтегі жеке тұлғаларға арналған бір жолғы талондар құнының мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 291 шешімі. Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 2 маусымда № 3-6-123 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 23 қаңтардағы № 94 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2013.01.23 № 94 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 6 бабы және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-ІV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін қолданысқа енгізу туралы» Заңының 36 бабының 6 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық мәслихаттың ««Аметист» нарығында тауарларды өткізетін тұлғаларға және эпизодтық мінезді қызметтегі жеке тұлғаларға арналған бір жолғы талондар құнының мөлшерін белгілеу туралы» 2009 жылғы 22 шілдедегі № 149 (нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3-6-90 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 10 қыркүйектегі аудандық «Карғалы» газетінде № 44-45 жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аудандық мәслихаттың ««Аметист» нарығында тауарларды өткізетін тұлғаларға және эпизодтық мінезді қызметтегі жеке тұлғаларға арналған бір жолғы талондар құнының мөлшерін белгілеу туралы» 2009 жылғы 22 шілдедегі № 149 шешімінің «Үй жануарларын жайлау бойынша қызметтер» атты қосымшасындағы 10 жолдағы 40 саны 80 санымен алмастырылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Аудандық мәслихат                Аудандық мәслихаттың
     сессиясының төрағасы                     хатшысы

          Ә.Бахонов                         Ж.Құлманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады