Ескерту. Деректемелерінде орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Исатай ауылдық округі әкімінің 22.02.2017 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Исатай ауылдық округі тұрғындары конференциясының 2011 жылғы 26 мамырдағы № 1 хаттамасы негізінде, Қобда ауданының Исатай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Қобда ауданы Исатай ауылдық округі әкімінің 22.02.2017 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жарсай аулының көшелеріне төмендегі атаулар берілсін:
1) Абай Құнанбаев көшесі;
2) Исатай Тайманов көшесі;
2. Жарсай ауылының келесі көшелерінің атауы өзгертілсін:
1) Студенческая көшесі – Студенттер көшесі;
2) Ленина көшесі – Астана көшесі;
3) Восточная көшесі – Шығыс көшесі;
4) Приозерная көшесі – Достық көшесі;
5) Набережная көшесі – Жағалау көшесі;
6) Махамбетская көшесі – Махамбет көшесі;
7) Жарсайская көшесі – Жарсай көшесі;
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округі әкімінің м.а. | А.Тенилбаева |