Жарсай ауылының көшелеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Исатай ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 3 шешімі. Ақтөбе облысы Қобда аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 1 тамызда № 3-7-111 тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің орыс тілдегі атауында және бүкіл мәтін бойынша "аульного", "аула" деген сөздер тиісінше "сельского", "села" деген сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Исатай ауылдық округі әкімінің 19.12.2014 № 1 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Деректемелерінде орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Исатай ауылдық округі әкімінің 22.02.2017 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Исатай ауылдық округі тұрғындары конференциясының 2011 жылғы 26 мамырдағы № 1 хаттамасы негізінде, Қобда ауданының Исатай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Қобда ауданы Исатай ауылдық округі әкімінің 22.02.2017 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Жарсай аулының көшелеріне төмендегі атаулар берілсін:
      1) Абай Құнанбаев көшесі;
      2) Исатай Тайманов көшесі;
      2. Жарсай ауылының келесі көшелерінің атауы өзгертілсін:
      1) Студенческая көшесі – Студенттер көшесі;
      2) Ленина көшесі – Астана көшесі;
      3) Восточная көшесі – Шығыс көшесі;
      4) Приозерная көшесі – Достық көшесі;
      5) Набережная көшесі – Жағалау көшесі;
      6) Махамбетская көшесі – Махамбет көшесі;
      7) Жарсайская көшесі – Жарсай көшесі;
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округі әкімінің м.а. А.Тенилбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады