Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқарлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Исатай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.
Исатай ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 3 «Жарсай ауылының көшелеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-7-111 санымен тіркелген, 2011жылғы 18 тамыздағы аудандық «Қобда» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі атауы мен бүкіл мәтіні бойынша «аульного», «аула» сөздері тиісінше «сельского», «села» сөздерімен ауыстырылсын, мемлекеттік тіліндегі атауы мен мәтіні өзгермейді.
2.
Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі: |
А.Ақылбеков |