Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әкімдігінің 20.02.2013. № 35 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7 бабының 5–5) және 5–6) тармақшаларына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әкімдігінің 20.02.2013 № 35 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Көпеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Р. Сыдықов. |