Шалқар ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 99 "Шалқар ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 20 ақпандағы № 35 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 5 наурызда № 3547 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 136 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 22.07.2016 № 136 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5, 5-6 тармақшаларына сәйкес Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шалқар ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 99 "Шалқар ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарында квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-13-152 тіркелген, 2011 жылы 8 маусымдағы № 27 аудандық "Шалқар" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы";
      1-тармақ төмендегі редакцияда жазылсын:
      "1. Қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін".
      2. "Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" Мемлекеттік мекемесі (Е. Шотанов) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды, белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарына бағыттауды ұйымдастырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Көпеновке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Р. Сыдықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады