Қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 99 қаулысы. Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 23 мамырда № 3-13-152 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 136 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 22.07.2016 № 136 қаулысымен.
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әкімдігінің 20.02.2013. № 35 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7 бабының 5–5) және 5–6) тармақшаларына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әкімдігінің 20.02.2013 № 35 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Көпеновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Р. Сыдықов.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады