1. Шалқар ауданы әкімдігінің төмендегі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) 2011 жылғы 03 мамырдағы № 99 "Қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылдың 23 мамырында № 3-13-152 болып тіркелген, аудандық "Шалқар" газетінде 2011 жылдың 06 маусымында жарияланған);
2) 2013 жылғы 20 ақпандағы № 35 "Шалқар ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 99 "Шалқар ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылдың 05 наурызында № 3547 болып тіркелген, аудандық "Шалқар" газетінде 2013 жылдың 19 наурызында жарияланған);
3) 2015 жылғы 08 мамырдағы № 131 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 03 маусымында № 4337 болып тіркелген, аудандық "Шежірелі өлке" газетінде 2015 жылдың 12 маусымында жарияланған).
2. Шешімнің көшірмесі Ақтөбе облысының әділет департаментіне жолдансын.
Аудан әкімі | Б. Қаниев |