Бозой ауылының кейбір көшелеріне атау беру және қайта атау туралы
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бозой ауылдық округі әкімінің 10.01.2022 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).Ескерту. Шешімнің деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селосының", "селолық" сөздері тиісінше "ауылының", "ауылдық" сөздерімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бозой ауылдық округі әкімінің 07.12.2016 № 54 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 Заңы 14 бабының 4) тармақшасына және халқының пікірін ескере отырып, Бозой ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бозой ауылдық округінің атаусыз көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін:
1) Жетес би көшесі;
2) Нұртуған шайыр көшесі;
3) Итесұлы Аманғали ахун көшесі;
4) Жылқаман батыр көшесі;
5) Аманкелді көшесі;
6) Жанқожа батыр көшесі;
7) Абай көшесі;
8) Махамбет Өтемісұлы көшесі;
9) Владимир Прохоренко көшесі;
10) Бозой көшесі;
11) Қоянқұлақ көшесі;
12) Қошқарата көшесі;
13) Наурыз көшесі;
14) Торайғыр көшесі;
15) Аққолқа көшелері деген атау берілсін.
2. Бозой ауылдық округіне келесі көшелерінің атаулары:
1) Гагарин көшесі – Мөңке би көшесі;
2) Южная көшесі – Тәуелсіздік көшесі;
3) 8-март көшесі – Бақыт Басығараев көшесі;
4) Ленин көшесі – Ұран Бақтыбай көшесі;
5) Юнная көшесі – Есет-Дәрібай көшесі;
6) Западная көшесі – Арал көшесі;
7) Восточная көшесі – Әйтеке би көшесі деп өзгертілсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Бозой ауылдық округі әкімі: | М. Оразалин |