Бозой ауылының кейбір көшелеріне атау беру және қайта атау туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бозой ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 3 қарашадағы № 38 шешімі. Ақтөбе облысы Шалқар аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 14 желтоқсанда № 3-13-163 тіркелді

      Бозой ауылының кейбір көшелеріне атау беру және қайта атау туралы

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бозой ауылдық округі әкімінің 10.01.2022 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селосының", "селолық" сөздері тиісінше "ауылының", "ауылдық" сөздерімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бозой ауылдық округі әкімінің 07.12.2016 № 54 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 Заңы 14 бабының 4) тармақшасына және халқының пікірін ескере отырып, Бозой ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бозой ауылдық округінің атаусыз көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін:
      1) Жетес би көшесі;
      2) Нұртуған шайыр көшесі;
      3) Итесұлы Аманғали ахун көшесі;
      4) Жылқаман батыр көшесі;
      5) Аманкелді көшесі;
      6) Жанқожа батыр көшесі;
      7) Абай көшесі;
      8) Махамбет Өтемісұлы көшесі;
      9) Владимир Прохоренко көшесі;
      10) Бозой көшесі;
      11) Қоянқұлақ көшесі;
      12) Қошқарата көшесі;
      13) Наурыз көшесі;
      14) Торайғыр көшесі;
      15) Аққолқа көшелері деген атау берілсін.
      2. Бозой ауылдық округіне келесі көшелерінің атаулары:
      1) Гагарин көшесі – Мөңке би көшесі;
      2) Южная көшесі – Тәуелсіздік көшесі;
      3) 8-март көшесі – Бақыт Басығараев көшесі;
      4) Ленин көшесі – Ұран Бақтыбай көшесі;
      5) Юнная көшесі – Есет-Дәрібай көшесі;
      6) Западная көшесі – Арал көшесі;
      7) Восточная көшесі – Әйтеке би көшесі деп өзгертілсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Бозой ауылдық округі әкімі: М. Оразалин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады