Шалқар ауданының Бозой селолық округі әкімінің 2011 жылғы 3 қарашадағы № 38 "Бозой селосының көшесіне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бозой ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 7 желтоқсандағы № 54 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 желтоқсанда № 5183 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, Шалқар ауданының Бозой ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Шалқар ауданының Бозой селолық округі әкімінің 2011 жылғы 3 қарашадағы № 38 "Бозой селосының көшесіне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-13-163 санымен тіркелген, 2011 жылдың 28 желтоқсанында аудандық "Шалқар" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімнің деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селосының", "селолық" сөздері тиісінше "ауылының", "ауылдық" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Бозой ауылдық округінің әкімі Ж. Шамбалаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады