Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 04.05.2018 № 27-134 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 386, 387–баптарына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Іле ауданының аймақтық әкімшілік жерлеріндегі, жеке тұлғаларға қора-қопсы салынған жерді қоса алғанда, өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін, елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда), елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне, автотұраққа, автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, салықтың базалық ставкаларының мөлшері 50 пайызға жоғарылатылсын.
2. Ауылшаруашылық мақсатындағы елді мекендер, жеке тұлғаларға қора-қопсы салынған жерді қоса алғанда, өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін, ауыл округтерінің жерлеріне жататын және Іле ауданының аймақтық әкімшілік жерлерінен басқа ауылдарының автотұраққа, автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, салықтың базалық ставкаларының мөлшері 50 пайызға жоғарылатылсын.
3. Іле ауданының әкімшілік жерлерінен басқа ауылдарының, автотұраққа, автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерге салықтың базалық ставкаларының мөлшері 10 есеге жоғарылатылсын.
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Б. Сүлейменова |
Аудандық мәслихат хатшысы | Ф. Ыдрышева |
КЕЛІСІЛГЕН: | |
Іле ауданы бойынша Салық | |
басқармасының бастығы | Киртаев Бахытжан Mұхамеджанұлы |