Жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2011 жылғы 24 наурыздағы N 45-185 шешімі. Алматы облысы Әділет департаменті Іле ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 28 сәуірде N 2-10-143 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2018 жылғы 4 мамырдағы № 27-134 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 04.05.2018 № 27-134 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 386, 387–баптарына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Іле ауданының аймақтық әкімшілік жерлеріндегі, жеке тұлғаларға қора-қопсы салынған жерді қоса алғанда, өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін, елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда), елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне, автотұраққа, автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, салықтың базалық ставкаларының мөлшері 50 пайызға жоғарылатылсын.

      2. Ауылшаруашылық мақсатындағы елді мекендер, жеке тұлғаларға қора-қопсы салынған жерді қоса алғанда, өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін, ауыл округтерінің жерлеріне жататын және Іле ауданының аймақтық әкімшілік жерлерінен басқа ауылдарының автотұраққа, автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, салықтың базалық ставкаларының мөлшері 50 пайызға жоғарылатылсын.

      3. Іле ауданының әкімшілік жерлерінен басқа ауылдарының, автотұраққа, автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерге салықтың базалық ставкаларының мөлшері 10 есеге жоғарылатылсын.

      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Б. Сүлейменова
      Аудандық мәслихат хатшысы Ф. Ыдрышева
      КЕЛІСІЛГЕН:
      Іле ауданы бойынша Салық
      басқармасының бастығы Киртаев Бахытжан Mұхамеджанұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады