Іле аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2018 жылғы 4 мамырдағы № 27-134 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 24 мамырда № 4716 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Іле аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Іле аудандық мәслихаты аппаратының басшысы К. Калиевке жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

      Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы Е. Турумбетов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Р. Абилова

  Іле аудандық мәслихатының 2018 жылғы "4" мамыр № 27-134 шешіміне қосымша

Іле аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылатын кейбір шешімдердің тізбесі

      1. "Жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы" 2011 жылғы 24 наурыздағы № 45-185 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-10-143 тіркелген, 2011 жылдың 8 мамырында аудандық "Іле таңы" газетінде жарияланған);

      2. "Іле ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" 2013 жылғы 7 қарашадағы № 25-120 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2519 тіркелген, 2014 жылдың 10 қантарында аудандық "Іле таңы" газетінде жарияланған);

      3. "Іле ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2015 жылғы 3 қыркүйектегі № 48-227 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3480 тіркелген, 2015 жылдың 30 қазанда "Әділет" ақпараттіқ-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      4. "Іле аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 қыркүйектегі "Іле ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" № 48-227 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2016 жылғы 2 ақпандағы № 54-254 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3743 тіркелген, 2016 жылдың 1 сәуірде "Әділет" ақпараттіқ-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады