РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 26.03.2018 № 29-8 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. Барлық мәтін бойынша "ставкаларын", "ставкалары", "ставкаларының" деген сөздер "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемелері", "мөлшерлемелерінің" деген сөздермен ауыстырылды - Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 15.05.2015 № 41-7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Қызметін аудан аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Төртінші шақырылған Қордай аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 13-5 "Тіркелген салық ставкалары туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-5-74 тіркелген, 2009 жылдың 4 наурызындағы № 27 аудандық "Қордай шамшырағы" - "Кордайский маяк" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және жер учаскесін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және 2012 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының | |
төрағасы, мәслихат хатшысы | Т. Сүгірбай |
Қордай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 42-3 шешіміне қосымша |
Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері
Рет № | Салық салу объектісінің атауы | Айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерінің (айлық есептік көрсеткіш) |
1. | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 7 |
2. | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 12 |
3. | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 2 |
4. | Ойын жолы | 6 |
5. | Карт | 2 |
6. | Бильярд үстелі | 4 |