Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 26.03.2018 № 29-8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы Заңының 3 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
"Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" Қордай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 4 қарашадағы №42-3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6-5-130 болып тіркелген, 2011 жылғы 23 қарашадағы №182-183 аудандық "Қордай шамшырағы" - "Кордайский маяк" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
мазмұны және бүкіл мәтіні бойынша "ставкаларын", "ставкалары", "ставкаларының" деген сөздері тиісінше "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемелері", "мөлшерлемелерінің" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының | |
төрайымы | Г. Айтқұлова |
Аудандық мәслихаттың | |
хатшысы | Б. Әлімбет |