Тіркелген салық ставкалары туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 қаңтардағы N 13-5 Шешімі. Жамбыл облысы Қордай ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 27 ақпанда 74 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 42-3 шешімімен

      Ескерту.Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 42-3 шешімімен

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422-бабының 2 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қызметін Қордай ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат                    Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                 хатшысы
      Э. Заманов                           Т. Сүгірбай

Қордай аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 27 қаңтардағы
№ 13-5 шешіміне қосымша

      Ескерту. 1-Қосымша жаңа редакцияда - Қордай аудандық мәслихатының 2010.06.18 № 27-5 (2010 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

Қызметін Қордай ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкалары

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

1.

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

2.

Бильярд үстелі

3

3.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

5

4.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады