Қордай ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 29-8 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 11 сәуірде № 3784 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 80-15 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 25.12.2020 № 80-15 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 546 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Қордай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызметін Қордай ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" төртінші шақырылған Қордай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 4 қарашадағы №42-3 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6-5-130 тіркелген, 2011 жылғы 23 қарашадағы аудандық "Қордай шамшырағы" – "Кордайский маяк" газетінде жарияланған) және "Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" Қордай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 4 қарашадағы №42-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" бесінші шақырылған Қордай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 15 мамырдағы №41-7 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2678 тіркелген, 2015 жылғы 20 маусымдағы аудандық "Қордай шамшырағы" – "Кордайский маяк" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, жергілікті өзін-өзі басқару, индустриялық-инновациялық дамыту, аймақты, көлік пен байланысты, орта және шағын бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат Аудандық
      сессиясының төрайымы мәслихаттың хатшысы
      Т.Апаева Р.Нурсипатов

  Қордай аудандық мәслихатының
2018 жылғы 26 наурыздағы
№29-8 шешіміне қосымша

Қызметін Қордай ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш)

1

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

7

2

Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

12

3

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

2

4

Ойын жолы

6

5

Карт

2

6

Бильярд үстелі

4

7

Уәкілетті ұйымның арнайы аймақта орналасқан айырбастау пункті

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады