РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабының 6 тармағына сәйкес Меркі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға барлық кандидаттардың үгіттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар қосымшаға сәйкес Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп белгіленсін.
2. Үгіттік баспа материалдары барлық кандидаттар үшін тең құқықтар қамтамасыз ететін жағдайда орналастырылсын.
3. Осы Қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы М.Қ. Тоқпанбетовке жүктелсін.
Аудан әкімі | С. Жұмағұлов |
Меркі ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 02 наурыздағы № 79 қаулысына қосымша |