Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Меркі ауданының әкімдігінің 2011 жылғы 02 наурыздағы N 79 Қаулысы. Жамбыл облысы Меркі ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 03 наурызда 6-6-91 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Меркі аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 11 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Жамбыл облысы Меркі аудандық әкімдігінің 31.01.2017 № 11 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабының 6 тармағына сәйкес Меркі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға барлық кандидаттардың үгіттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар қосымшаға сәйкес Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп белгіленсін.
      2. Үгіттік баспа материалдары барлық кандидаттар үшін тең құқықтар қамтамасыз ететін жағдайда орналастырылсын.
      3. Осы Қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы М.Қ. Тоқпанбетовке жүктелсін.
      Аудан әкімі С. Жұмағұлов

  Меркі ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 02 наурыздағы
№ 79 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға барлық кандидаттар үшiн үгіттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар


Ауылдық округ атауы
Үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындары
 
Ақтоған
Ауыл орталығындағы алаң. Қазақ диқан ауылындағы № 33 мектептің алды.
 
Жамбыл
№ 16 спорт мектебінің алды. Қызыл таң ауылындағы № 34 мектептің алды. Қарға батыр ауылындағы № 35 мектептің алды. Жеміс-жидек ауылындағы № 44 мектептің алды.
 
Меркі
Мәдениет үйінің алды. № 17 мектептің алды. "Үміт" балалар және жастар орталығының алды,. Орталық аурухананың алды. Меркі тау шатқалына баратын жолдың бойында. Панфилов көшесінің бойында.
 
Ойтал
Ауылдық округ әкімдігінің ғимаратының алды. Железнодорожная көшесінің бойында.
 
Жаңатоған
Ауылдық округ әкімдігінің ғимаратының алды. Қызыл сай ауылындағы клубтың алды. Мыңқазан ауылының орталық алаңы.
 
Кеңес
Тайшыманов көшесі № 35 үйдің маңындағы алаң
 
Андас батыр
№ 21 мектептің алды. Қызыл қыстақ ауылындағы № 3 мектептің шығыс жағында. Гранитогорск ауылындағы Жеңіске 40-жыл көшесінің бойында.
 
Сармолдаев
Аудандық тұтынушылар қоғамы ғимаратының алды. № 9 мектептің алды. Ойтал бөлімшесіндегі № 12 мектептің алд. Екпінді ауылындағы № 22 мектептің алды
 
Тәтті
№ 13 мектептің алды. Қарасу ауылындағы № 26 мектептің алды. Беларық ауылындағы № 31 мектептің алды. Ақжол ауылындағы № 15 мектептің алды
 
Сұрат
Ауылдық округ әкімдігінің ғимаратының алды. Аққайнар және Тескен тоған ауылдарындағы фельшерлік пункттердің алды
 
Акермен
Ауылдық округ әкімдігінің ғимаратының алды. Кентай ауылындағы Жадраев көшесі 28 үйдің жанында Алтын арық ауылындағы Қонаев көшесінің бойында.
 
Ақарал
№ 5 мектептің алдында. Сыпатай ауылындағы № 16 мектептің алды.
 
Аспара
Орталық алаңда.
 
Т.Рысқұлов
Клуб ғимаратының алды. Интернациональный ауылындағы № 7 мектептің алды

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады