Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37 бабының 8 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес Меркі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меркі ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
"Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы" Меркі ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 03 наурыздағы № 79 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-6-91 болып тіркелген, 2011 жылғы 11 наурыздағы "Меркі тынысы-Меркенский вестник" газетінде жарияланған);
"Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы" Меркі ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 07 желтоқсандағы № 99 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-6-99 болып тіркелген, 2011 жылғы 23 желтоқсандағы "Меркі тынысы-Меркенский вестник" газетінде жарияланған).
2. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық және ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Акек Ербол Базарбаевичке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Өмірбеков |