Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2011.01.26 N 15 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына және Қаражал қалалық Мәслихатының XXXIV сессиясының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы N 300 "2011-2013 жылдарға арналған қала бюджеті туралы" шешіміне сәйкес нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіміне N 8-5-105 болып тіркелген, жұмыссыз азаматтардың жоғарғы және арнаулы орта кәсіби оқу орындарының түлектерінің жұмысқа орналасу, іс жүзіндегі тәжірибе, білім және бейімділіктер алу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Н. Гармашова):
1) жұмыссыз ретінде "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде тіркелген жоғары оқу орындардың, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектері арасында жастар тәжірибесін өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын;
2) жұмыс берушілермен жұмыссыз жастар үшін жастар тәжірибесін ұйымдастыруға арналған шарттар жасасын;
3) жастар тәжірибесіне қабылданған тұлғалар үшін ай сайын төленетін ақы қалалық бюджеттен бөлінген қаржылардың есебінен 26000 теңге мөлшерінде, алты айдан аспайтын мерзімге белгіленсін.
2. Қаражал қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі N 33 "Қаражал қаласының жұмыссыз жастарына арналған жастардың кәсіби дайындығын ұйымдастыру туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қаражал қаласы әділет басқармасында 2010 жылы 12 мамырда тіркелген тіркеу нөмірі 8-5-93, 2010 жылғы 22 мамырдағы "Қазыналы өңір" газетінің N 20 жарияланған).
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. Құрмансейітовке жұктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаражал қаласының әкімі Ғ. Әшімов