Қаражал қаласының жұмыссыз жастарына арналған жастардың кәсіби дайындығын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі N 59 қаулысы. Қарағанды облысы Қаражал қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 3 мамырда N 8-5-109 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 26 қаңтардағы N 15 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2011.01.26 N 15 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына және Қаражал қалалық Мәслихатының XXXIV сессиясының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы N 300 "2011-2013 жылдарға арналған қала бюджеті туралы" шешіміне сәйкес нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіміне N 8-5-105 болып тіркелген, жұмыссыз азаматтардың жоғарғы және арнаулы орта кәсіби оқу орындарының түлектерінің жұмысқа орналасу, іс жүзіндегі тәжірибе, білім және бейімділіктер алу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Н. Гармашова):
      1) жұмыссыз ретінде "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде тіркелген жоғары оқу орындардың, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектері арасында жастар тәжірибесін өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын;
      2) жұмыс берушілермен жұмыссыз жастар үшін жастар тәжірибесін ұйымдастыруға арналған шарттар жасасын;
      3) жастар тәжірибесіне қабылданған тұлғалар үшін ай сайын төленетін ақы қалалық бюджеттен бөлінген қаржылардың есебінен 26000 теңге мөлшерінде, алты айдан аспайтын мерзімге белгіленсін.
      2. Қаражал қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі N 33 "Қаражал қаласының жұмыссыз жастарына арналған жастардың кәсіби дайындығын ұйымдастыру туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қаражал қаласы әділет басқармасында 2010 жылы 12 мамырда тіркелген тіркеу нөмірі 8-5-93, 2010 жылғы 22 мамырдағы "Қазыналы өңір" газетінің N 20 жарияланған).
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. Құрмансейітовке жұктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қаражал қаласының әкімі                    Ғ. Әшімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады