Қаражал қаласының жұмыссыз жастарына арналған жастардың кәсіби дайындығын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі N 33 қаулысы. Қарағанды облысы Қаражал қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 12 мамырда N 8-5-93 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі N 59 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2011.04.06 N 59 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 2162 қаулысына және Қаражал қалалық Мәслихатының ХХІІІ сессиясының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы N 203 "2010-2012 жылдарға арналған қала бюджеті туралы" шешіміне сәйкес, жұмыссыз азаматтардың жоғарғы және арнаулы орта кәсіби оқу орындарының түлектерінің жұмысқа орналасу, іс жүзіндегі тәжірибе, білім және бейімділіктер алу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Н. Гармашова):
      1) жұмыссыз ретінде "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде тіркелген жоғары оку орындардың, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектері арасында Жастар практикасын өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын;
      2) жұмыс берушілермен жұмыссыз жастар үшін Жастар практикасын ұйымдастыруға арналған шарттар жасасын;
      3) Жастар практикасына қабылданған тұлғалар үшін ай сайын төленетін ақы республикалық бюджеттен бөлінген қаржылардың есебінен 20000 теңге мөлшерінде белгіленсін.
      2. Қаражал қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 28 мамырдағы N 129 "Қаражал қаласының жұмыссыз жастарына арналған жастардың кәсіби дайындығын ұйымдастыру туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қаражал қаласы әділет басқармасында 2009 жылы 17 маусымда тіркелген тіркеу нөмірі 8-5-73, 2009 жылғы 17 маусымдағы "Қазыңалы өңір" газетінің 24 нөмірінде жарияланған).
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары З. Оспановаға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қаражал қаласының әкімі                    Ғ. Мұқашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады