2012 жылға Қаражал қаласының жұмыссыз жастарына арналған жастардың кәсіби дайындығын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 26 қаңтардағы N 15 қаулысы. Қарағанды облысы Қаражал қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 10 ақпанда N 8-5-124 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 28 мамырдағы N 126 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2012.05.28 N 126 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес, жұмыссыз азаматтардың жоғарғы және арнаулы орта кәсіби оқу орындарының түлектерінің жұмысқа орналасу, іс жүзіндегі тәжірибе, білім және бейімділіктер алу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жастар тәжірибесін ұйымдастыруға ниет білдірген жұмыс берушілердің тізімі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Н. Гармашова):
      1) жұмыссыз ретінде "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде тіркелген жоғары оқу орындардың, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектері арасында жастар тәжірибесін өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын;
      2) уақытша жұмыс орындарын ұсынуға ниет білдірген жұмыс берушілермен жастар тәжірибесі аясында жұмыссыз жастар үшін кәсіби тәжірибені ұйымдастыруға шарттар жасасын;
      3) жастар тәжірибесін өткізу шараларын қаржыландыру Қаражал қаласының бюджетінде қарастырылған 002 "Жұмыспен қамту бағдарламасы" бағдарламасы 102 "Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар" кіші бағдарламасы есебінен жүргізілсін;
      4) жастар тәжірибесіне қабылданған тұлғалар үшін ай сайын төленетін ақы қалалық бюджеттен бөлінген қаржылардың есебінен 26000 теңге мөлшерінде, алты айдан аспайтын мерзімге белгіленсін.
      3. Қаражал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 06 сәуірдегі N 59 "Қаражал қаласының жұмыссыз жастарына арналған жастардың кәсіби дайындығын ұйымдастыру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылғы 03 мамырда нөмірі 8-5-109 болып тіркелген, "Қазыналы өңір" газетінің 2011 жылғы 21 мамырдағы N 21 санында жарияланған) қаулысының күші жойылған деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. Құрмансейітовке жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қаражал қаласының әкімі                    Ғ. Әшімов

Қаражал
қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 26 қаңтардағы
N 15 қаулысына қосымша

Жастар тәжірибесін өткізуді ұйымдастыратын жұмыс орнын ұсынған кәсіпорындарының, жұмыс берушілердің
ТІЗІМІ

N

Ұйымның атауы

Кәсіп (мамандық)

Жоспарланған жұмыс орындарының саны

Жоспарланған жұмыс ұзақтығы (айлар)

Айлық еңбекақы мөлшері, теңге

1.

"Жәйрем кен-байыту" акционерлік қоғамы

Экономика жүйесінде бағдарламашы, құқықтану, автомобиль көлігі, автомобиль көлігі жөндеу және техникалық қызмет көрсету

6

6

26000

2.

"Өркен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Өркен-Атасу" өкілдігі

Заңгер, экономист, бухгалтер, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі маманы

8

6

26000

3.

"Жәйрем кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Бағдарламашы, экономист, бухгалтер, құрылыс-инженері

3

6

26000

4.

"Жәйрем кентінің ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Бағдарламашы, бухгалтер, экономист, медбике

5

6

26000

5.

"Қаражал қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Экономист, қаржыгер, заңгер

3

6

26000

6.

"Қаражал қаласының N 30 жалпы білім беретін орта мектебі" мемлекеттік мекемесі

Бағдарламашы

2

6

26000

7.

"Қаражал қаласының N 11 жалпы білім беретін орта мектебі" мемлекеттік мекемесі

Мұғалім

3

6

26000

8.

"Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Бухгалтер, экономист, заңгер әлеуметтік жұмыс, қазақ тілінің мұғалімі

4

6

26000

9.

"Қаражал қаласының мемлекеттік мұрағаты" мемлекеттік мекемесі

Мұрағатшы, бухгалтер

2

6

26000

10.

"Қаражал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Бухгалтер, мәдениет қызметкері

2

6

26000

11.

"Қаражал қаласы бойынша салық басқармасы" мемлекеттік мекемесі

Бухгалтер, экономист, заңгер

7

6

26000

12.

"Қаражал қаласының статистика басқармасы" мемлекеттік мекемесі

Бухгалтер, экономист

2

6

26000


Барлығы


47



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады