Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2012.01.27 N 16 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес, азаматтарға әлеуметтік қолдау бойынша қосымша шаралар көрсету мақсатында Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2011 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын тұрғындардың келесі қосымша санаттары белгіленсін:
1) 29 жасқа дейінгі жастар;
2) 7 жасқа дейінгі баласы бар отбасылар;
3) 45 жастан жоғары тұлғалар;
4) ұзақ уақыт (бір жылдан артық) жұмыс істемейтін тұлғалар;
5) мүгедек балаларды және мүмкіншілігі шектеулі балаларды тәрбиелеуші ата-аналар;
6) колледждер және кәсіптік лицейлердің түлектері.
2. Қаражал қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 21 шілдедегі N 119/1 "2010 жылғы халықтың нысаналы тобын анықтау туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қаражал қаласы әділет басқармасында 2010 жылы 03 тамызында тіркелген тіркеу нөмірі 8-5-99, 2010 жылы 04 тамызында "Қазыналы өңір" газетінің 31 нөмірінде жарияланған).
3. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Н. Гармашова) басымдылық тәртіпте халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыздарды мемлекеттік әлеуметтік қорғау шараларымен қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. Құрмансейітовке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаражал қаласының әкімі Ғ. Әшімов