2012 жылға халықтың нысаналы тобын анықтау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы N 16 қаулысы. Қарағанды облысы Қаражал қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 10 ақпанда N 8-5-122 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 11 наурыздағы N 52 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 11.03.2013 N 52 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, азаматтарға әлеуметтік қолдау бойынша қосымша шаралар көрсету мақсатында Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын тұрғындардың келесі қосымша санаттары белгіленсін:
      1) 29 жасқа дейінгі жастар;
      2) 7 жасқа дейінгі баласы бар отбасылар;
      3) 45 жастан жоғары тұлғалар;
      4) ұзақ уақыт (бір жылдан артық) жұмыс істемейтін тұлғалар;
      5) мүгедек балаларды және мүмкіншілігі шектеулі балаларды тәрбиелеуші ата-аналар;
      6) колледждер және кәсіптік лицейлердің түлектері.
      2. Қаражал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 03 мамырдағы N 89 "2011 жылға халықтың нысаналы тобын анықтау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылғы 03 маусымда нөмірі 8-5-110 болып тіркелген, "Қазыналы өңір" газетінің 2011 жылғы 17 маусымдағы N 25 санында жарияланған) қаулысының күші жойылған деп танылсын.
      3. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Н. Гармашова) басымдылық тәртіпте халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыздарды мемлекеттік әлеуметтік қорғау шараларымен қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. Құрмансейітовке жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі..

      Қаражал қаласының әкімі                    Ғ. Әшімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады