Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2011.05.03 N 89 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес, азаматтарға әлеуметтік қолдау бойынша қосымша шаралар көрсету мақсатында Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2010 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын тұрғындардың келесі санаттары анықталсын:
1) 29 жасқа дейінгі жастар;
2) 7 жасқа дейінгі баласы бар отбасылар;
3) 45 жастан жоғары тұлғалар;
4) ұзақ уақыт (бір жылдан артық) жұмыс істемейтін тұлғалар;
5) мүгедек балаларды және мүмкіншілігі шектеулі балаларды тәрбиелеуші ата-аналар;
6) колледждер және кәсіптік лицейлердің түлектері.
2. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Н. Гармашова) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары З. Оспановаға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаражал қаласының әкімі Ғ. Мұқашев