Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына, "2011–2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына, "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн және ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы қаулысына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2011 жылға ауылдық елді мекенге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына өтініш берілген сәтіне жетпіс есептік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы ұсынылсын.
2. 2011 жылға ауылдық елді мекенге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына тұрғын үй сатып алу үшін маман өтінген, бірақ өтініш берілген сәтіне алты жүз отыз есептік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
3. "Ауылдық елдi мекенге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау ұсыну туралы" Сәтбаев қалалық мәслихатының 2010 жылғы 3 ақпандағы XXIV сессиясының N 288 шешімінің (2010 жылғы 12 ақпанда Қарағанды облысы Әділет департаменті Сәтбаев қаласы Әділет басқармасында 8-6-98 нөмірімен тіркелген, "Шарайна" газетінің 2010 жылғы 19 ақпандағы 14 (1775) нөмірінде ресми жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін (төрайымы Қоңырова Әлия Мешітбайқызы).
5. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
қалалық мәслихат хатшысы | С. Имамбай |