Ауылдық елдi мекенге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау ұсыну туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы мәслихатының 2010 жылғы 03 ақпандағы N 288 шешімі. Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 12 ақпанда N 8-6-98 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы мәслихатының 2011 жылғы 25 наурыздағы N 418 шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы мәслихатының 2011.03.25 N 418 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына, "2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына, "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн және ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы қаулысына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2010 жылға ауылдық елді мекенге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына жетпіс есептік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы ұсынылсын.
      2. 2010 жылға арналған қалалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Біріңғай бюджеттік сыныптамасының "Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен ауылдық елді мекендер саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру" 10.2.453.099.000 бағдарламасы бойынша қаржы бөлу қамтамасыз етілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін (төрайымы Қоңырова Әлия Мешітбайқызы).
      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      қалалық мәслихаттың хатшысы                С. Имамбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады