Жекелеген санаттағы азаматтарға біржолғы материалдық көмек төлеу Нұсқаулығын бекіту туралы

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі N 1178 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 03 мамырда N 10-5-160 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 01 шілдедегі N 21 қаулысымен

     Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2011.07.01 N 21 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жекелеген санаттағы азаматтарға біржолғы материалдық көмек төлеу Нұсқаулығы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е.Қалиевке жүктелсін.
      3. Қармақшы ауданы әкімдігінің "Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығын бекіту туралы" 2010 жылғы 21 сәуірдегі N 868 (аудандық Әділет басқармасында 12 мамыр 2010 жылы N 10-5-138 санымен тіркеліп, "Қармақшы таңы" газетіне 25 мамыр 2010 жылы N 46 басылымында ресми жарияланған) және "Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай жол жүруді қамтамасыз етуге және біржолғы материалдық көмек төлеуге облыстық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі туралы" 2010 жылғы 21 сәуірдегі N 869 (аудандық әділет басқармасында 26 сәуір 2010 жылы N 10-5-132 санымен тіркеліп, "Қармақшы таңы" газетіне 1 мамыр 2010 жылы.N 38-39 басылымында ресми жарияланған) каулыларының күші жойылды деп танылсын.
      4. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қармақшы ауданы әкімінің
      міндетін уақытша атқарушы

Е. Қалиев


2011 жылғы 18 сәуірдегі N 1178
Қармақшы ауданы әкімдігінің 
қаулысына қосымша

Жекелеген санаттағы азаматтарға біржолғы материалдық көмек төлеу НҰСҚАУЛЫҒЫ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы жекелеген санаттағы азаматтарға біржолғы материалдық көмек төлеу нұсқаулығы (әрі қарай - нұсқаулық) "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша төмендегі санаттағы азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында тиісті бюджеттерден біржолғы материалдық көмек төлеу тәртібін белгілейді:
      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектері;
      2) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (хабар-ошарсыз қалған, қайтыс болған) жауынгерлердің қайтадан некеге отырмаған жесірлері;
      3) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының бұрынғы жасы кәмелетке толмаған тұтқындары;
      4) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;
      5) ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанда әскери міндетін өтеген әскери қызметшілер, бұрынғы КСР Одағы үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер;
      6) 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар және Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі
      7) басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар.
      2. Бағдарламаның әкімшісі болып аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі табылады.
 

2. Көмектің төлеу тәртібі және мөлшері

      3. Біржолғы материалдық көмек мынадай мөлшерде тағайындалады:
      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне - 40 айлық есептік көрсеткіш;
      2) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (хабар-ошарсыз қалған, қайтыс болған) жауынгерлердің қайтадан некеге отырмаған жесірлеріне - 35 айлық есептік көрсеткіш;
      3) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының бұрынғы жасы кәмелетке толмаған тұтқындарына - 35 айлық есептік көрсеткіш;
      4) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға - 35 айлық есептік көрсеткіш;
      5) ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанда әскери міндетін өтеген әскери кызметшілер, бұрынғы КСР Одағы үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілерге - 25 айлық есептік көрсеткіш;
      6) 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі баска да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар және Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға - 25 айлық есептік көрсеткіш.
      4. Біржолғы материалдық көмек алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) өтініш;
      2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) салық төлеуші нөмірінің (СТН) көшірмесі;
      4) тұрғылықты жерін растайтын құжат;
      5) осы Нұсқаулықтың 1 тармағында санамаланған санаттағы азаматтардың жеңілдіктер алу құқығын растайтын құжаттың көшірмесі;
      6) екінші деңгейдегі банктерде немесе банк операцияларының тиісті түріне лицензиясы бар ұйымдарда ашылған жеке шоттарының көшірмесі.
      5. Көмектің мөлшерін қайта қарау жыл сайын республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты жүргізіледі.
      6. Бағдарлама әкімшісі қалыптастырылған тізімдердің негізінде әрбір алушының екінші деңгейдегі банктерде немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдарда ашылған жеке шоттарына аудару жолымен оларға біржолғы материалдық көмек төлеуді жүзеге асырады.
 

3. 9 мамыр - Жеңіс күніне орай біржолғы материалдық көмек төлеуге облыстық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану

      7. Біржолғы материалдық көмек төлеу мынадай мөлшерде жүзеге асырылады:
      1) Сауықтыру үшін берілетін біржолғы материалдық көмек:
      Ұлы Отан соғысына катысушылары мен мүгедектеріне - 66 000 теңге;
      Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің кайтадан некеге тұрмаған жесірлеріне - 66 000 теңге;
      екінші дүниежүзілік соғысындағы фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары - 66 000 теңге;
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға - 25 000 теңге.
      2) Әлеуметтік қолдау көрсету үшін біржолғы материалдық көмек (коммуналдық төлемдердің орнына):
      1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі кезеңде 6 айдан кем емес жұмыс істеген тыл ардагерлеріне:
      ауылдық жерде тұратын азаматтарға - 26 993 теңге;
      қалалық жерде тұратын азаматтарға - 67 688 теңге.
      8. Мемлекеттік зейнетақы төлеу Орталығының Қармақшы аудандық және Байқоңыр қалалық бөлімшелері (бұдан әрі - Орталық бөлімшелері) электронды және қағаз жеткізгіштерде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне осы Нұсқаулықтың 7-тармағында санамаланған, тиісті жылдың 1 сәуірдегі жағдай бойынша Орталық бөлімшелерінен әлеуметтік төлемдер алатын адамдардың тізімдерін жібереді.
      9. "Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
      ұсынылған тізімдерді ескере отырып, біржолғы материалдық көмекті алушылардың тізімдерін қалыптастырады;
      қалыптастырылған тізімдердің негізінде әрбір алушының жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы аудару жолымен оларға біржолғы материалдық көмек төлеуді жүзеге асырады.
      10. Көмектің төленуі тиісті бюджеттерден бөлінген қаржы көлемінде атқарылады.
 

Об утверждении Инструкции по выплате единовременной материальной помощи отдельным категориям граждан

Постановление Кармакшинского районного акимата Кызылординской области от 18 апреля 2011 года N 1178. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 03 мая 2011 года N 10-5-160. Утратило силу постановлением Кармакшинского районного акимата Кызылординской области от 01 июля 2011 года N 21

     Сноска. Утратило силу постановлением Кармакшинского районного акимата Кызылординской области от 01.07.2011 N 21.
      Руководствуясь Законами Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним" акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить, прилагаемую Инструкцию по выплате единовременной материальной помощи отдельным категориям граждан.
      2. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима района Е.Калиева.
      3. Признать утратившим силу постановления акимата Кармакшинского района "Об утверждении Инструкции по оказанию социальных выплат отдельным категориям граждан" N 868 от 21 апреля 2010 года (зарегистрировано в районном управлении юстиции 12 мая 2010 года за N 10-5-138, официально опубликовано в газете "Қармақшы таңы" 25 мая 2010 года, выпуск N 46) и "О правилах использования целевых текущих трансфертов из областного бюджета на выплату единовременной материальной помощи и обеспечение проезда к 65 летию Победы в Великой Отечественной войне" N 869 от 21 апреля 2010 года (зарегистрировано в районном управлении юстиции 26 апреля 2010 года за N 10-5-132, официально опубликовано в газете "Қармақшы таңы" 1 мая 2010 года, выпуск N 38-39).
      4. Постановление вводится в действие спустя десять календарных дней после его первого официального опубликования.
 
 

      Временно исполняюший обязанности
      акима Кармакшинского района

Е. Калиев


Приложение
к постановлению акимата
Кармакшинского района
от 18 апреля 2011 года N 1178

Инструкция по выплате единовременной материальной помощи отдельным категориям граждан

1. Общие положения

      1. Настоящая инструкция по выплате единовременной материальной помощи отдельным категориям граждан (далее - Инструкция) по бюджетной программе "Социальная помощь отдельным категориям нуждающихся граждан по решением местных представительных органов" определяет порядок выплаты из соответствующих бюджетов единовременной материальной помощи в целях социальной поддержки следующим категориям граждан:
      1) участники и инвалиды Великой Отечественной войны;
      2) вдовы воинов, погибших (умерших, пропавших без вести) в Великой Отечественной войне, не вступившие в повторный брак;
      3) бывшие несовершеннолетние узники концлагерей. гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период второй мировой войны;
      4) лица, награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны;
      5) военнослужащие, проходившие воинскую службу в Афганистане в период ведения боевых действий, военнослужащие, принимавшие участие в боевых действиях на территории других государств в соответствии с решениями правительственных органов бывшего Союза ССР, а также военнослужащие, ставшие инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при прохождении воинской службы в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия;
      6) лица, принимавшие участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС в 1986-1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшие непосредственно в
      7) ядерных испытаниях и учениях, а также лица, ставшие инвалидами вследствие катастрофы на Чернобыльской АЭС и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, испытания ядерного оружия.
      2. Администратором программы является районный отдел занятости и социальных программ.
 

2. Порядок выплаты и размеры помощи

      3. Единовременная материальная помощь назначается в следующих размерах:
      1) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны - 40 месячного расчетного показателя;
      2) вдовам воинов, погибших (умерших, пропавших без вести) в Великой Отечественной войне, не вступившим в повторный брак - 35 месячного расчетного показателя;
      3) бывшим несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период второй мировой войны - 35 месячного расчетного показателя;
      4) лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны - 35 месячного расчетного показателя;
      5) военнослужащим, проходившим воинскую службу в Афганистане, принимавшим участие в боевых действиях на территории других государств в соответствии с решениями правительственных органов бывшего Союза ССР, а также военнослужащим, ставшим инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при прохождении воинской службы в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия - 25 месячного расчетного показателя;
      6) лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС в 1986-1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшим непосредственно в ядерных испытаниях и учениях, а также лицам, ставшим инвалидами вследствие катастрофы на Чернобыльской АЭС и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, испытания ядерного оружия - 25 месячного расчетного показателя.
      4. Перечень документов, необходимых для получения помощи:
      1) заявление;
      2) копия документа, удостоверяющего личность заявителя;
      3) копия регистрационного номера налогоплательщика (РНН);
      4) документ, подтверждающий место жительства;
      5) копия документа, удостоверяющего право на льготы лиц, перечисленных в п.1 данной Инструкции;
      6) копия лицевого счета, открытого в банках второго уровня либо в организациях, имеющих соответствующую лицензию Национального банка Республики Казахстан на осуществление банковских операций.
      5. Пересмотр размера помощи производится в связи с изменением месячного расчетного показателя, утверждаемого ежегодно законом о республиканском бюджете.
      6. Администратор программы осуществляет выплату единовременной материальной помощи каждому получателю на основании сформированных списков, путем перечисления средств на их лицевые счета, открытых в банках второго уровня или в организациях, имеющих соответствующую лицензию Национального банка Республики Казахстан на осуществление банковских операций.
 

3. Использование целевых текущих трансфертов из областного бюджета на выплату единовременной материальной помощи к 9 Мая - Дню Победы

      7. Единовременная материальная помощь назначается в следующих размерах:
      1) Единовременная материальная помощь на оздоровление:
      участникам и инвалидам Великой Отечественной войны - 66 000 тенге;
      вдовам воинов, погибших в Великой Отечественной войне, не вступившим в повторный брак - 66 000 тенге;
      бывшим несовершеннолетним узникам концлагерей, созданных фашистами и их союзниками в период второй мировой войны - 66 000 тенге:
      лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны - 25 000 тенге.
      2) Единовременная материальная помощь для оказания социальной поддержки (взамен коммунальных выплат):
      труженикам тыла, проработавшим не менее 6 месяцев в тылу за период с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года:
      проживающим в сельской местности - 26 993 тенге;
      проживающим в городской местности - 67 688 тенге.
      8. Кармакшинское районное, а также Байконырское городское отделения Государственного центра по выплате пенсий передают районному отделу занятости и социальных программ на бумажном и электронном носителях списки лиц, перечисленных в пункте 7 настоящей Инструкции, по состоянию на 1 апреля соответствующего года.
      9. Государственное учреждение "Кармакшинский районный отдел занятости и социальных программ":
      формирует списки получателей единовременной материальной помощи для выплаты с учетом представленных списков;
      осуществляет выплату единовременной материальной помощи каждому получателю на основании сформированных списков, путем перечисления средств на их лицевые счета, открытые в банках второго уровня либо в организациях, имеющих соответствующую лицензию Национального банка Республики Казахстан на осуществление банковских операций.
      10. Выплата помощи осуществляется в пределах выделенных средств из соответствующих бюджетов.