Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай жол жүруді қамтамасыз етуге және біржолғы материалдық көмек төлеуге облыстық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 21 сәуірдегі N 869 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қармақшы ауданының әділет басқармасында 2010 жылы 26 сәуірде N 10-5-132 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі N 1178 Қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2011.04.18 N 1178 Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңын басшылыққа ала отырып, "2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" Қармақшы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы кезекті 20-сессиясының N 146 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қармақшы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 14 сәуірдегі кезектен тыс 25-сессиясының N 176 шешімін іске асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай жол жүруді қамтамасыз етуге және біржолғы материалдық көмек төлеуге облыстық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е.Қалиевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                     Б.Қаюпов

Қармақшы ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 21 сәуірдегі N 869
қаулысымен бекітілген   

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай жол жүруді қамтамасыз етуге және біржолғы материалдық көмек төлеуге облыстық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі 1. Жалпы ереже

      1. Осы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай жол жүруді қамтамасыз етуге және біржолғы материалдық көмек төлеуге облыстық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің қайтадан некеге тұрмаған жесірлеріне, екінші дүниежүзілік соғысындағы фашистер мен олардың
одақтастары құрған концлагерлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (әрі қарай - КСРО) ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға берілетін
біржолғы материалдық көмекті төлеуге (бұдан әрі - біржолғы материалдық көмек) және жол жүруді қамтамасыз етуге 2010 жылға арналған облыстық бюджетте көзделген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібін айқындайды.

2. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай біржолғы
материалдық көмек төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі

      2. Біржолғы материалдық көмек төлеу мынадай мөлшерде жүзеге асырылады:
      1) Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан үлесі үшін біржолғы
материалдық көмек:
      Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне - 50 000 теңге;
      Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің қайтадан некеге тұрмаған жесірлеріне - 50 000 теңге;
      2) Тұрғын үй жөндеуге біржолғы материалдық көмек:
      Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне - 50 000 теңге;
      Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің қайтадан некеге тұрмаған жесірлеріне - 50 000 теңге;
      екінші дүниежүзілік соғысындағы фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына - 50 000 теңге;
      3) Сауықтыру үшін берілетін біржолғы материалдық көмек:
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға - 25 000 теңге:
      4) Жеңіс күніне орай мерекелік киім алуға біржолғы материалдық көмек:
      Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне - 15 000 теңге;
      Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің қайтадан некеге тұрмаған жесірлеріне - 15 000 теңге;
      екінші дүниежүзілік соғысындағы фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына - 15 000 теңге;
      5) Жеңіс күніне орай мерекелік дастарқанмен қамтамасыз етуге біржолғы материалдық көмек:
      Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне - 15 000 теңге;
      Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің қайтадан некеге тұрмаған жесірлеріне - 15 000 теңге;
      екінші дүниежүзілік соғысындағы фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына - 15 000 теңге.
      3. Мемлекеттік зейнетақы төлеу Орталығының Қармақшы аудандық және Байқоңыр қалалық бөлімшелері (бұдан әрі - Орталық бөлімшелері) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес электронды және қағаз жеткізгіштерде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне осы Ереженің 1-тармағында санамаланған, 2010 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Орталық бөлімшелерінен әлеуметтік төлемдер алатын адамдардың тізімдерін жібереді.
      4. "Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
      осы Ереженің 3-тармағына сәйкес ұсынылған тізімдерді ескере отырып, біржолғы материалдық көмекті алушылардың тізімдерін қалыптастырады;
      қалыптастырылған тізімдердің негізінде әрбір алушының жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы аудару жолымен оларға біржолғы материалдық көмек төлеуді 2010 жылғы 30 сәуірге дейінгі мерзімде жүзеге асырады.

3. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай жол жүруді қамтамасыз ету үшін материалдық көмекке берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі

      5. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан
соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің қайтадан некеге тұрмаған
жесірлеріне, екінші дүниежүзілік соғысындағы фашистер мен олардың
одақтастары құрған концлагерлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға көлікте (таксиді қосқанда) жол жүруге материалдық көмек төлеу ай сайын 2 500 теңге мөлшерінде жүзеге асырылады.
      6. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Мемлекеттік зейнетақы төлеу Орталығының Қармақшы аудандық және Байқоңыр қалалық бөлімшелері ай сайын ұсынылған тізімдерінің негізінде әрбір алушының жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы аудару жолымен оларға ай сайын материалдық көмек төлеуді жүзеге асырады.
      7. Көлікте (таксиді қосқанда) жол жүруге материалдық көмек төлеу 2010 жылдың 1 сәуірінен бастап жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады