Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2011.07.01 N 21 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Жекелеген санаттағы азаматтарға біржолғы материалдық көмек төлеу Нұсқаулығы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2.
Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е.Қалиевке жүктелсін.
3.
Қармақшы ауданы әкімдігінің "Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығын бекіту туралы" 2010 жылғы 21 сәуірдегі N 868 (аудандық Әділет басқармасында 12 мамыр 2010 жылы N 10-5-138 санымен тіркеліп, "Қармақшы таңы" газетіне 25 мамыр 2010 жылы N 46 басылымында ресми жарияланған) және "Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай жол жүруді қамтамасыз етуге және біржолғы материалдық көмек төлеуге облыстық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі туралы" 2010 жылғы 21 сәуірдегі N 869 (аудандық әділет басқармасында 26 сәуір 2010 жылы N 10-5-132 санымен тіркеліп, "Қармақшы таңы" газетіне 1 мамыр 2010 жылы.N 38-39 басылымында ресми жарияланған) каулыларының күші жойылды деп танылсын.
4.
Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы ауданы әкімінің |
Е. Қалиев |
2011 жылғы 18 сәуірдегі N 1178 |
Жекелеген санаттағы азаматтарға біржолғы материалдық көмек төлеу НҰСҚАУЛЫҒЫ
1. Жалпы ережелер
1.
Осы жекелеген санаттағы азаматтарға біржолғы материалдық көмек төлеу нұсқаулығы (әрі қарай - нұсқаулық) "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша төмендегі санаттағы азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында тиісті бюджеттерден біржолғы материалдық көмек төлеу тәртібін белгілейді:
1)
Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектері;
2)
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (хабар-ошарсыз қалған, қайтыс болған) жауынгерлердің қайтадан некеге отырмаған жесірлері;
3)
екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының бұрынғы жасы кәмелетке толмаған тұтқындары;
4)
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;
5)
ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанда әскери міндетін өтеген әскери қызметшілер, бұрынғы КСР Одағы үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер;
6)
1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар және Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі
7)
басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар.
2.
Бағдарламаның әкімшісі болып аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі табылады.
2. Көмектің төлеу тәртібі және мөлшері
3.
Біржолғы материалдық көмек мынадай мөлшерде тағайындалады:
1)
Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне - 40 айлық есептік көрсеткіш;
2)
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (хабар-ошарсыз қалған, қайтыс болған) жауынгерлердің қайтадан некеге отырмаған жесірлеріне - 35 айлық есептік көрсеткіш;
3)
екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының бұрынғы жасы кәмелетке толмаған тұтқындарына - 35 айлық есептік көрсеткіш;
4)
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға - 35 айлық есептік көрсеткіш;
5)
ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанда әскери міндетін өтеген әскери кызметшілер, бұрынғы КСР Одағы үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілерге - 25 айлық есептік көрсеткіш;
6)
1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі баска да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар және Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға - 25 айлық есептік көрсеткіш.
4.
Біржолғы материалдық көмек алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1)
өтініш;
2)
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3)
салық төлеуші нөмірінің (СТН) көшірмесі;
4)
тұрғылықты жерін растайтын құжат;
5)
осы Нұсқаулықтың 1 тармағында санамаланған санаттағы азаматтардың жеңілдіктер алу құқығын растайтын құжаттың көшірмесі;
6)
екінші деңгейдегі банктерде немесе банк операцияларының тиісті түріне лицензиясы бар ұйымдарда ашылған жеке шоттарының көшірмесі.
5.
Көмектің мөлшерін қайта қарау жыл сайын республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты жүргізіледі.
6.
Бағдарлама әкімшісі қалыптастырылған тізімдердің негізінде әрбір алушының екінші деңгейдегі банктерде немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдарда ашылған жеке шоттарына аудару жолымен оларға біржолғы материалдық көмек төлеуді жүзеге асырады.
3. 9 мамыр - Жеңіс күніне орай біржолғы материалдық көмек төлеуге облыстық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану
7.
Біржолғы материалдық көмек төлеу мынадай мөлшерде жүзеге асырылады:
1)
Сауықтыру үшін берілетін біржолғы материалдық көмек:
Ұлы Отан соғысына катысушылары мен мүгедектеріне - 66 000 теңге;
Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің кайтадан некеге тұрмаған жесірлеріне - 66 000 теңге;
екінші дүниежүзілік соғысындағы фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары - 66 000 теңге;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға - 25 000 теңге.
2)
Әлеуметтік қолдау көрсету үшін біржолғы материалдық көмек (коммуналдық төлемдердің орнына):
1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі кезеңде 6 айдан кем емес жұмыс істеген тыл ардагерлеріне:
ауылдық жерде тұратын азаматтарға - 26 993 теңге;
қалалық жерде тұратын азаматтарға - 67 688 теңге.
8.
Мемлекеттік зейнетақы төлеу Орталығының Қармақшы аудандық және Байқоңыр қалалық бөлімшелері (бұдан әрі - Орталық бөлімшелері) электронды және қағаз жеткізгіштерде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне осы Нұсқаулықтың 7-тармағында санамаланған, тиісті жылдың 1 сәуірдегі жағдай бойынша Орталық бөлімшелерінен әлеуметтік төлемдер алатын адамдардың тізімдерін жібереді.
9.
"Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
ұсынылған тізімдерді ескере отырып, біржолғы материалдық көмекті алушылардың тізімдерін қалыптастырады;
қалыптастырылған тізімдердің негізінде әрбір алушының жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы аудару жолымен оларға біржолғы материалдық көмек төлеуді жүзеге асырады.
10.
Көмектің төленуі тиісті бюджеттерден бөлінген қаржы көлемінде атқарылады.