Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2011.04.18 N 1178 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 және "Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі N 2247 Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру
Нұсқаулығы N 1, N 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2. Қармақшы ауданы әкімдігінің төмендегі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығын бекіту туралы" 2008 жылғы 11 сәуірдегі N 280 қаулысы (аудандық Әділет басқармасында 14 мамыр 2008 жылы N 10-5-91 санымен тіркеліп, "Қармақшы таңы" газетіне 28 мамыр 2008 жылы N 44 басылымында ресми жарияланған);
2) ""Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығын бекіту туралы" 2008 жылғы 11 сәуірдегі N 280 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 06 қазандағы N 370 қаулысы (аудандық Әділет басқармасында 23 қазан 2008 жылы N 10-5-96 санымен тіркелген);
3) ""Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығын бекіту туралы" 2008 жылғы 11 сәуірдегі N 280 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 03 қарашадағы N 379 қаулысы (аудандық Әділет басқармасында 28 қараша 2008 жылы N 10-5-97 санымен тіркелген).
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің
орынбасары Е.Қалиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Қаюпов
Қармақшы ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 21 сәуірдегі N 868
қаулысына N 1 қосымша
Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру
НҰСҚАУЛЫҒЫ 1. Жалпы ереже
1. Осы Нұсқаулық жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген санаттағы азаматтарға берілетін әлеуметтік төлемдер бағдарламасы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан әскери қызметшілердің қайтадан некеге отырмаған жесірлеріне, екінші дүниежүзілік соғысындағы фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына, Ауған соғысына және бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (әрі қарай - КСРО) үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылары мен мүгедектеріне, Чернобыль АЭС-дағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар және 22 маусым 1941 жыл - 9 мамыр 1945 жыл кезеңінде тылда 6 айдан кем емес жұмыс істеген адамдарға (әрі қарай - өтемақы алушылар) тиісті бюджеттерден коммуналдық шығындары үшін өтемақы (әрі қарай - өтемақы) төлеу тәртібін белгілейді.
2. Өтемақы алушыларға төлемдерді тағайындау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы, ал Байқоңыр қаласында тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарына төлемдер аталмыш бөлімнің Байқоңыр қаласындағы филиалы арқылы жүзеге асырылады.
2. Бюджеттен өтелетін қызмет түрлері
3. Өтемақы алушыларға тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа), коммуналдық қызмет тұтынуға (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, су қашыртқысы, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, қоқыс шығару, лифтілерге қызмет көрсету), отынға жұмсалатын шығындарды төлеу үшін ай сайын өтемақы төленеді.
Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер мен Чернобыль АЭС-дағы апаттың зардаптарын жою салдарынан мүгедек болған адамдарға, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға және 22 маусым 1941 жыл - 9 мамыр 1945 жыл кезеңінде тылда 6 айдан кем емес жұмыс істеген адамдарға жоғарыда аталған қызмет түрлерінен басқа телефон пайдалану үшін жұмсалған шығындар өтеледі.
3. Қаржыландыру және төлеу
4. Бағдарламаның әкімшісі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі болып табылады.
5. Өтемақы алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) Осы Ереженің 1 тармағында санамаланған санаттағы азаматтардың жеңілдіктер алу құқығын растайтын құжаттың көшірмесі;
5) екінші деңгейдегі банктерде немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдарда ашылған жеке шоттарының көшірмесі.
6. Әлеуметтік көмек тұрғын үй көмегін көрсету ережесінде көрсетілген тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтер тұтыну нормативтері пайдаланылады.
7. Әлеуметтік төлемдерге арналған қаражаттар ай сайын әлеуметтік төлемдерді алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы аударылады.
8. Тиісті бюджеттерден әлеуметтік төлемдер алушы қайтыс болған жағдайда және қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасы қарастырған басқа да негіздерге сәйкес тоқтатылады.
9. Әлеуметтік төлемдер тиісті бюджеттерден бөлінген қаржы көлемінде атқарылады.
Қармақшы ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 21 сәуір N 868
қаулысына N 2 қосымша
Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру
НҰСҚАУЛЫҒЫ 1.Жалпы ереже
1. Осы Нұсқаулық жекелеген санаттағы азаматтарға берілетін әлеуметтік төлемдер бағдарламасы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің қайтадан некеге отырмаған жесірлеріне (әрі қарай - әлеуметтік төлемдер алушылар) тиісті бюджеттерден әлеуметтік төлемдер төлеу тәртібін белгілейді.
2. Әлеуметтік төлемдер алушыларға төлемдерді тағайындау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы, ал Байқоңыр қаласында тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарына төлемдер аталмыш бөлімнің Байқоңыр қаласындағы филиалы арқылы жүзеге асырылады.
2. Әлеуметтік төлемдердің түрлері және мөлшері
3. Әлеуметтік төлемдер алушыларға әлеуметтік көмек ай сайын төмендегі түрлер бойынша тағайындалады:
1) шаштараз қызметі үшін әлеуметтік төлем;
2) монша қызметі үшін әлеуметтік төлем.
4. Әлеуметтік төлем Қазақстан Республикасының "Республикалық бюджет туралы" Заңына сәйкес тиісті қаржы жылына бекітілетін айлық есептік көрсеткіштің 0,7 еселенген мөлшерінде белгіленеді.
3. Қаржыландыру және төлеу
5. Бағдарламаның әкімшісі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі болып табылады.
6. Әлеуметтік төлем алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) Осы Ереженің 1 тармағында санамаланған санаттағы азаматтардың жеңілдіктер алу құқығын растайтын құжаттың көшірмесі;
5) екінші деңгейдегі банктерде немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдарда ашылған жеке шоттарының көшірмесі.
7. Әлеуметтік төлемдерге арналған қаражаттар ай сайын әлеуметтік төлемдерді алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы аударылады.
8. Тиісті бюджеттерден әлеуметтік төлемдер алушы қайтыс болған жағдайда және қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасы қарастырған басқа да негіздерге сәйкес тоқтатылады.
9. Әлеуметтік төлемдер тиісті бюджеттерден бөлінген қаржы көлемінде атқарылады.