Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2011.11.28 № 341 қаулысымен.
Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 26.02.2014 № 29 қаулысымен.
1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған коммуналдық мүліктерін сенімгерлік басқаруға беру Қағидасы бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2011.11.28 № 341 (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Маңғыстау облысы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
«Маңғыстау облысының коммуналдық меншік объектілерін сенімгерлік басқаруға беру Нұсқаулығын бекіту туралы» 2007 жылғы 12 маусымдағы № 165 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1973 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2007 жылғы 18 тамызда жарияланған);
«Маңғыстау облысының коммуналдық меншік объектілерін сенімгерлік басқаруға беру Нұсқаулығын бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2007 жылғы 12 маусымдағы № 165 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 10 маусымдағы № 218 (нормзативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2072 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2010 жылғы 8 шілдеде жарияланған).
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.С. Қыраубаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Қ. Көшербаев
«КЕЛІСІЛДІ»:
Маңғыстау облысы қаржы
басқармасы бастығының
М.Б. Әлібекова
18 тамыз 2011 ж.
КЕЛІСІЛДІ:
Ә.С. Қыраубаев
С.А. Бермұхамедов
Ж.А. Оспанова
А. Әбдешұлы
М.Б. Әлібекова
Маңғыстау облысы
қаржы басқармасының бастығы
18 тамыз 2011 ж.
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2011 жылғы 18 тамыздағы
№ 244 қаулысымен бекітілген
Коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру ҚАҒИДАСЫ 1. Жалпы ережелер
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «облыстық» деген сөздер алынып тасталды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2011.11.28 № 341 (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Осы коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру Қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Респуликасының Азаматтық Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және коммуналдық меншік объектілерін сенімгерлік басқаруға берудің, оның ішінде тендер өткізудің, сенімгерлік басқарушылармен шарттар жасасудың және сенімгерлік басқару шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын бақылауды жүзеге асырудың тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
сенімгерлік басқарушы – коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысымен сенімгерлік басқару шартын жасасқан жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
шарт – коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы мен сенімгерлік басқарушысының арасында жасалатын объектіні сенімгерлік басқару шарты;
объект – мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындардың мүліктік кешені, бағалы қағаздар, мүліктік құқықтар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері), ақша, сондай - ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда, сенімгерлік басқару шартының объектісі болып табылатын өзге де мемлекеттік коммуналдық мүлік;
басқару органы – акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін, жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталдағы мемлекеттік үлесін иелену және пайдалану құқығын, сонымен бірге мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органы;
тендер жеңімпазы – тендерлік комиссияның қорытындысы бойынша ең жақсы шарттарды ұсынған тендерге қатысушы;
нарықтық құн – кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылданған жағдайда, Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушының бағалау туралы есебі негізінде айқындалатын объектінің құны;
тендер – коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы өзі ұсынған шарттардың негізінде тендер жеңімпазымен шарт жасасуға міндеттенетін, сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі конкурстық сауда-саттық нысаны;
тендерлік комиссия – коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы объектіні сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін құрған комиссия;
тендерге қатысушы – тендерге қатысуға жіберілген жеке немесе заңды тұлға;
коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы – коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган.
2. Объектіні сенімгерлік басқаруға берудің тәртібі
3. Аудандық коммуналдық мүлкіндегі объектіні сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімді, облыстық коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган келісімінің қорытындылары бойынша және қала (аудан) әкімдігінің қаулысы негізінде, аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы қабылдайды.
4. Шарт 10 жыл мерзімге дейін жасалады. Ерекше жағдайларда, Объектінің құрылымдық-салалық маңыздылығына қарай қарай сенімгерлік басқару мерзімі 30 жылға дейін болуы мүмкін.
5. Кейіннен сатып алу құқығымен немесе рентабельді емес мемлекеттік кәсіпорындарды оңалту үшін объектіні сенімгерлік басқаруды құрған жағдайда, тендерді өткізу міндетті болып табылады.
6. Рентабельді емес кәсіпорындарды басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар рентабельді емес кәсіпорындарды сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі ұсыныстарды коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысына енгізеді.
Осы Қағиданың мақсаттарында рентабельді емес кәсіпорындарға мынандай өлшемдерге жауап беретін мемлекеттік кәсіпорындар жатады:
1) үш жылдың ішінде ағымдағы, негізгі және негізгі емес қызметтің рентабельділігі көрсеткіштерінің төмендеуі және/немесе олардың жоспарланған мөлшерді қамтамасыз етпеуі;
2) қатарынан үш жылдың ішінде таза табыс бойынша жоспарлы көрсеткіштерді орындамауы.
7. Объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беруді мынандай жағдайларда:
1) объектіні заңды тұлғалардың жарғылық капиталын төлеу есебіне бергенге дейін;
2) теңгерім ұстаушылардың жазбаша келісімінің негізінде алаңы бір жүз шаршы метрге дейінгі үй - жайларды, ғимараттар мен құрылыстарды, қалдық құны ең төменгі есептік көрсеткіштен бір жүз елу еселенгеннен кем емес жабдықты бергенде;
3) теңгерім ұстаушылардың жазбаша келісімінің негізінде, білім беру және денсаулық сақтау объектілеріне жататын мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған мүлікті бергенде, тендер өткізбестен жүзеге асыруға болады.
8. Объектіні сенімгерлік басқаруға тендер өткізбестен берген кезде, мүдделі тұлғаның объектіні сенімгерлік басқаруға беруге ерікті нысандағы өтініміне мынандай құжаттар қоса беріледі:
1) теңгерім ұстаушының объектіні сенімгерлік басқаруға жазбаша келісімі;
2) объектінің қажеттілігіне негіздеме;
3) заңды тұлғалар үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің, құрылтай құжаттарының (құрылтай шарты және жарғы), салық төлеуші куәлігінің көшірмелері не аталған құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері, салықтық берешектің, өтінім беру күнінің алдындағы соңғы үш айдан астам міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасы;
жеке тұлғалар үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың, салық төлеуші куәлігінің көшірмелері не аталған құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
дара кәсіпкер үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың, салық төлеуші куәлігінің көшірмелері не аталған құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері, салықтық берешектің, өтінім беру күнінің алдындағы соңғы үш айдан астам міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасы.
9. Объектіні тендер өткізбестен сенімгерлік басқаруға беру кезінде, объектіні сенімгерлік басқаруға беруге өтінімді, коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарастырады.
10. Объектіні тендер өткізбестен сенімгерлік басқаруға беру кезінде, сенімгерлік басқарушымен коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы не оның міндетін атқарушы тұлға, өтінім берген күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей шарт жасасады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2011.11.28 № 341 (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. Объектіні сенімгерлік басқаруға беруге дайындау
11. Объектіні сенімгерлік басқаруға беруге дайындауды коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы жүзеге асырады.
12. Басқару органы коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысына акциялары (үлестері) не мүліктік кешені объекті болып табылатын заңды тұлғаның құрылтай құжаттарын, соңғы үш жылдағы қаржылық - шаруашылық қызметі туралы толық ақпаратты, объектіні кейіннен сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі шарттарды белгілеу туралы ұсынысты береді.
Өзге объектілер бойынша басқару органы коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысына объектінің сипаттамасын, объектінің теңгерімдік құны туралы мәліметтерді және объектіні кейіннен сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі шарттарды белгілеу туралы ұсынысты береді.
13. Мемлекеттік заңды тұлғалардың, сондай - ақ акциялары мен жарғылық капиталдарындағы мемлекеттің қатысу үлестері сенімгерлік басқаруға беру объектісі болып табылатын мемлекеттік емес заңды тұлғалардың лауазымды адамдары, коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының жазбаша сұрау салуы бойынша, олар белгілеген мерзімде объектіні сенімгерлік басқаруға беруге дайындау үшін қажетті мәліметтерді береді және берілген мәліметтердің дұрыстығына жауапты болады.
4. Тендер өткізуге дайындық
14. Коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы сенімгерлік басқаруды құру мақсатында:
1) тендер ұйымдастырады (тендерлік комиссияның құрамы мен жұмыс регламентін бекітеді, тендерге қатысушыларды тіркейді, ақпараттық хабарламалардың жариялануын қамтамасыз етеді);
2) кепілдік жарналарды қабылдайды;
3) Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес объектіні бағалауды жүргізуге шарттар жасасады;
4) тендердің өткізілу барысын бақылауды жүзеге асырады;
5) тендерге қатысушылармен және бағалаушылармен тендер өткізу рәсімдеріне байланысты есептерді жүзеге асырады;
6) сенімгерлік басқарушымен шарт жасасады;
7) объектіні сенімгерлік басқаруға беруге байланысты өзге де функцияларды жүзеге асырады.
15. Коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы, тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін тұрақты тендерлік комиссия құрады.
Тендерлік комиссияның құрамына коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының, басқару органының өкілдері немесе олардың ведомстволық ұйымдарының (келісім бойынша) өкілдері енгізіледі. Сондай-ақ, комиссия құрамына орталық басқару органдарының аумақтық бөлімшелерінің өкілдері (келісім бойынша) енгізілуі мүмкін. Төраға мен хатшы коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының өкілдері болып табылады. Тендерлік комиссия құрамының саны кемінде бес адамнан құрылуға тиіс. Хатшы тендерлік комиссияның мүшесі болмайды.
Комиссияның отырысы, eгep оған комиссия мүшелерiнiң кемiнде 2/3 - ci қатысса, заңды болып табылады.
16. Тендерлік комиссия мынандай функцияларды жүзеге асырады:
1) кепілдік жарнаның мөлшерін бекітеді;
2) қажет болған жағдайда тендердің шарттары мен сенімгерлік басқарушыға қойылатын талаптарды айқындайды;
3) тендер өткізеді;
4) тендер жеңімпазын жариялайды.
17. Тендерлік комиссияның хатшысы тендерді ұйымдастыруға және өткізуге қажетті құжаттарды дайындайды және тендерлік комиссия хаттамасын ресімдейді.
18. Тендерді өткізуге дайындық кезінде коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы, объекті туралы ақпарат жинауды, ақпараттық хабарламаның уақтылы жариялануын қамтамасыз етеді, тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдауды және тіркеуді, бағалауды (объектіні кейін сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берген жағдайда) жүргізеді, келіп түскен материалдарды тендерлік комиссияның қарауына береді.
5. Тендерлік құжаттама
19. Тендер өткізу туралы ақпараттық хабарлама, тендер өткізудің жарияланған күніне дейін кемінде он бес күнтізбелік күн бұрын, ал акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін сенімгерлік басқаруға беру кезінде – тендерді өткізгенге дейін кемінде отыз күнтізбелік күн бұрын мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады әрі мынандай мәліметтерді:
1) тендердің шарттары мен тендер жеңімпазын анықтау өлшемдерін;
2) тендер объектісінің қысқаша сипаттамасын;
3) тендерді өткізу күнін, уақыты мен орнын;
4) тендерге қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынудың тәртібін, тәсілін, орны мен соңғы мерзімін және тендерге қатысуға өтінім қолданысының талап етілетін мерзімін;
5) кепілдік жарнаның мөлшері мен оның енгізу үшін банктің деректемелерін;
6) сенімгерлік басқарушыға қойылатын талаптарды;
7) мемлекеттік басқару органдары ұсынған қосымша мәліметтерді қамтиды.
20. Тендерлік комиссия тендердің шарттарын өзгерткен жағдайда, барлық өзгерістер туралы хабарландыру тендерді өткізгенге дейін кемінде он күнтізбелік күн бұрын жариялануы тиіс.
Тендер шарттарының өзгергені туралы хабарлама жарияланғанға дейін, тендерге қатысуға өтінім берген және осыған байланысты тендерге қатысудан бас тартқан тұлғалар, кепілдік жарналарды толық көлемде қайтаруды талап етуге құқылы.
21. Ақпараттық хабарлама жарияланғанға дейін акциялары мен жарғылық капиталдарындағы мемлекеттің қатысу үлестері сенімгерлік басқаруға беру объектісі болып табылатын әрбір заңды тұлға бойынша коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы, мынадай құжаттардың көшірмелерінен тұратын құжаттар пакетін дайындауы тиіс:
1) заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлік;
2) жарғы;
3) эмиссияны тіркеу туралы куәлік (акционерлік қоғамдар үшін);
4) есепті кезеңнің алдындағы үш жылдағы қосымшаларымен бірге бухгалтерлік теңгерімдер;
5) Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, заңды тұлғалардың тізілімінен үзінді.
Құжаттар пакетіне коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының тапсырмасы бойынша тәуелсіз консультанттар өткізген объектіні басқарудың тиімділігі мен жұмыс істеуі мониторингінің негізінде қосымша мәліметтер де енгізілуі мүмкін.
Ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейін, коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы, тендерге қатысушы болуға тілек білдіргендерге объекті туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
22. Тендерге қатысушылар тендер өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген мөлшерде, мерзімде және тәртіппен кепілдік жарна енгізеді. Кепілдік жарнаның мөлшерін ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейін өзгертуге болмайды. Кепілдік жарнаны қатысушының атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға енгізе алады. Кепілдік жарнаны алушы, коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы болып табылады.
23. Тендерге қатысу үшін кепілдік жарна, әрбір объект үшін оның нарықтық құнының немесе теңгерімдік құнының (объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берген жағдайда) 5 пайыздан 15 пайызға дейінгі шегінде бөлек белгіленеді.
24. Кепілдік жарна қатысушының мынадай міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылады:
1) тендерлік құжаттама жеңді деп танылған жағдайда тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қою;
2) коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысымен шарт жасасу.
25. Егер тендерге қатысушылар осы Қағиданың 20 - тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, тендер өткізілгенге дейін кемінде үш күн бұрын оған қатысудан бас тартқан жағдайда, коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы оларға кепілдік жарнаны қайтармайды.
26. Осы Қағиданың 25 және 44 - тармақтарында саналмағандардан басқа барлық жағдайларда, кепілдік жарна тендер аяқталған күннен бастап он банктік күннен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады.
Кепілдік жарналар сауда - саттыққа қатысушының деректемелері көрсетіліп, осы қатысушы берген кепілдік жарнаны қайтару туралы өтініш негізінде қайтарылады.
6. Тендерді өткізу
27. Тендерге қатысушыларды тіркеу ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және тендер басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады.
28. Тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін мыналарды:
1) осы Қағидаға 1 – қосымшада белгіленген нысан бойынша тендерге қатысушыны тендер жеңімпазы деп жариялаған жағдайда оның жазбаша, ақпараттық хабарламада көрсетілген және тендерге қатысушының өзі ұсынған тендер талаптарында шарт жасасу міндеттемесін білдіретін тендерге қатысуға өтінімді;
2) басқа құжаттардан бөлек әлеуетті қатысушының мекен - жайы мен «ОБЪЕКТІ БОЙЫНША КОНКУРС» (объектінің атауы көрсетіледі) және «ДЕЙІН АШПАҢЫЗ» (конвертті ашатын күн мен уақыт көрсетіледі) мазмұндағы мәтіні көрсетілген желімделген конвертте тендерге байланысты құжаттаманы қоса бере отырып, жазбаша түрде тендер шарттары бойынша ұсыныстарды;
3) банктің (банктердің) мөрі басылған бірінші басшы немесе қол қоюға құқығы бар адам және бас бухгалтер қол қойған тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашу күнінің алдында кемінде үш ай бұрын банк (банктер) алдында тендрдің ықтимал қатысушысының мерзімі өткен берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы. Егер тендерге ықтимал қатысушы екінші деңгейдегі бірнеше банктің, сондай-ақ шет ел банкінің клиенті болып табылған жағдайда, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен аудитті міндетті өткізу белгіленген заңды тұлғалардың соңғы қаржы жылындағы аудиторлық есебін;
5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып көшірмесін не көрсетілген құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін;
6) жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін не салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны міндетті түрде ұсынылған жарғының көшірмесін. Шет елдің заңды тұлғалары құрылтай құжаттарын нотариалды куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдерінде аудармасымен ұсынады;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда, осы салық органының мөрі бар бірінші басшы немесе қол қою құқығы бар адам қол қойған тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашу күнінің алдында кемінде үш ай бұрын салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасын;
8) коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының депозит шотына кепілдік жарнаны аудару туралы төлем тапсырмасының немесе түбіртектің (жеке тұлға үшін) түпнұсқасын;
9) тендерге ықтимал қатысушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжатты (жеке куәлікті, паспортты (шет ел азаматтары үшін) не әділет органдары берген уақытша жеке куәлікті ұсынған жағдайда жарамды);
10) ықтимал қатысушының ақпараттық хабарламада көрсетілген сенімгерлік басқаруға қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы қажет.
29. Іс - әрекетке қабілетті жеке тұлға болып табылатын тендердің ықтимал қатысушысы осы Қағиданың 28 - тармағының 1), 2), 10) тармақшаларында көзделген құжаттарды, сондай – ақ:
1) жеке куәліктің, паспорттың (шет ел азаматтары үшін) немесе әділет органдары берген уақытша жеке куәліктің көшірмесін;
2) тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлға құрмастан, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың көшірмесін (дара кәсіпкер үшін) ұсынады.
30. Өтінімдерді қабылдау және тендерге қатысуға ниет білдірген адамдарды тіркеу, тендерлік комиссияның хатшысымен талап етілетін құжаттардың толық жиынтығы бар болған кезде жүргізіледі.
31. Тендерлік құжаттама осы Қағиданың 28 - тармағының 2) тармақшасын қоспағанда (тігілген түрде, нөмірленген беттермен, соңғы беті әлеуетті қатысушының қолымен және мөрімен расталған (жеке тұлға үшін егер осындай болса) бөлек әлеуетті қатысушының мекен - жайы көрсетілген желімделмеген конвертте беріліп, тендерлік комиссияның хатшысымен тіркеу үшін қабылданады.
32. Әлеуетті қатысушылардың өтінімдері арнайы тиісінше рәсімделген сенімгерлік басқару объектілері бойынша тендерлік өтінімдерді тіркеу журналында тіркеледі және мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) тендерді өткізу күні;
2) тендердің мәні болып табылатын объектінің атауы;
3) өтінімді тіркейтін (қабылдайтын) күн мен уақыты;
4) тендердің әлеуетті қатысушыларының жеке немесе заңды тұлғаларының мәліметтері;
5) өтінімді берген тұлғаның қолы;
6) өтінімді қабылдаған тұлғаның қолы.
33. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына немесе құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырылуы тендердің шарттары болып табылатын қызмет түрлерімен айналысуға құқығы жоқ заңды тұлға;
2) сенімгерлік басқаруға шарт жасасу және оны орындау жөніндегі тиісті міндеттемелерді орындамаған, өткен тендерлердің жеңімпазы тендерге қатысушы бола алмайды.
34. Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларды қоспағанда, коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы тендерге қатысушыларға қатысы бар ақпаратты тендерді дайындау және оны өткізудің бүкіл кезеңі ішінде жариялауға құқығы жоқ.
35. Тендердің ықтимал қатысушыларының құжаттары, тіркеу журналына тіркелгеннен кейін сейфте сақталады. Тендер өткізілетін күні тендерге қатысушылардың құжаттары тендерлік комиссияға беріледі.
36. Тендер ашық болуы тиіс.
37. Тендер өткізілетін күні отырыста тендерлік комиссияның мүшелері тендерлік өтінімдері бар конвертті ашады және олардың ұсыныстарын жариялайды. Конверттерді ашу алдында комиссия мүшелері олардың бүтіндігін тексереді, бұл комиссия отырысының хаттамасында тіркеледі. Конверттерді ашу кезінде тендерге қатысушылардың немесе олар уәкілеттік берген өкілдердің қатысуға құқығы бар.
Тендерлік комиссия жеңімпазды анықтау өлшеміне (өлшемдеріне) сүйене отырып, тендерге қатысушылардың ұсыныстарын қарайды.
38. Тендерлік комиссияның шешімі, оның мүшелерінің қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Дауыстар тең болған кезде, тендерлік комиссия дауыстардың тең санын алған қатысушыларды келіссөзге шақыруға құқылы және тендерлік комиссияның пікірі бойынша объектінің жұмысын жақсартуға бағытталған ең жақсы қосымша ұсыныстарды енгізген тендерге қатысушы жеңімпаз болып танылады.
7. Тендер нәтижелерін ресімдеу және шарт мазмұны
39. Тендерлік комиссияның шешімі, осы Қағидаға 2 - қосымшада белгіленген нысан бойынша хаттамамен ресімделеді, оған тендерлік комиссияның мүшелері, оның төрағасы және тендер жеңімпазы қол қояды. Тендерлік комиссияның мүшесі өзінің ерекше пікірін жазбаша беруге және оны хаттамаға қоса беруге құқылы, ол туралы соңғысында белгі қойылады. Тендердің нәтижелеріне, оның қатысушылары тендер жеңімпазын хабарлаған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде шағым бере алады.
40. Тендер нәтижелері туралы хаттама, тендер жеңімпазы мен коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының тендер шарттарында шарт жасасу міндеттемелері мен тендер жеңімпазының ұсыныстарын белгілейтін құжат болып табылады.
41. Тендер нәтижелерін тендер жеңімпазын хабарлаған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы бекітеді.
Мынадай жағдайларда, егер:
1) тендерлік комиссия қатысушылардың ұсыныстары тендер шарттарын қанағаттандырмайды немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейді деп танылса;
2) тіркелген қатысушылардың саны екеуден кем болса;
3) тендерлік комиссия жеңімпаздың жоқ екені туралы шешім қабылдаса;
4) тендер жеңімпазы тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартса, тендер өткізілмеді деп танылады.
Тендер өтпеген болып танылған жағдайда, тендерлік комиссия жаңа тендерді хабарлауға және тендер шарттарын өзгертуге құқылы.
42. Тендерге қатысуға тіркелгендер екеуден аз болған жағдайда, тендерлік комиссия желімделген конвертті ашпайды. Тендер өткізілмеді деп танылғаннан кейін, барлық ұсынылған құжаттар қатысушының жазбаша сұрауы бойынша оған қайтарылады.
43. Объекті шарт жасасуға ниет білдірген жалғыз қатысушыға берілуі мүмкін үшінші және кейінгі тендерлерді қоспағанда, кейіннен сатып алу құқығы берілетін, бір қатысушы қатысқан тендерлер өткізілмеді деп танылады.
Осы Қағиданың 41 - тармағының 2) тармақшасына сәйкес сатып алу құқығы берілмейтін тендер өткізілмеді деп танылған жағдайда, коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы тендер шарттары бойынша шарт жасасуға ниет білдірген жалғыз қатысушыға объектіні беру туралы шешім қабылдауға құқылы.
44. Тендер жеңімпазы тендердің нәтижелері туралы хаттамаға немесе шартқа қол қоюдан жалтарған кезде, өзі енгізген кепілдік жарнаны жоғалтады.
45. Мыналар:
кәсіпорын қызметінің негізгі түрін сақтау;
мыналарды:
табыстылықты арттыру мақсатында қаржы көрсеткіштерін жақсарту бойынша ұсыныстарды;
тиімді шаруашылық қызмет мақсатында, өндіріс құрылымын, оның техникалық – технологиялық базасын қайта құру бойынша ұсыныстарды;
маркетингтік қызметті ұйымдастыру бойынша ұсыныстарды;
неғұрлым ұтымды шарттарда қажетті қаржы қаражатын тарта отырып, кәсіпорынды қаржылық тұрақтандырудың (оңалтудың) қолданылатын тетіктері бойынша ұсыныстарды;
бағдарламаны іске асыру мерзімін қамтитын, кәсіпорынның қаржылық оңалту бағдарламасының болуы, осы Қағиданың 6 – тармағында көрсетілген өлшемдерге сәйкес рентабельді емес кәсіпорындарды сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендер жеңімпазын анықтаудың негізгі шарттары болып табылады.
Басқару органы кәсіпорындар қызметінің ерекшелігін ескере отырып қосымша өлшемдерді ұсынуы мүмкін.
46. Объектіні сенімгерлік басқару осы Қағидаға 3 – қосымшаға сәйкес үлгі шартқа сәйкес жасалатын шарт негізінде туындайды (құрылады).
47. Шарт тендер жеңімпазының тендерлік ұсыныстарына сәйкес шарттарды көздеуі тиіс.
48. Мыналарға:
объектіге инвестициялардың көлемдеріне, түрлеріне және мерзімдеріне;
өндіріс көлемдеріне, шығарылатын өнімнің немесе көрсетілетін қызметтердің түрлері мен номенклатурасына;
нақты тұтынушыларға өнімді жеткізуге;
баға белгілеуге, оның ішінде бағалардың шекті деңгейі бойынша шектеулерге;
табиғат қорғау іс – шараларын өткізуге;
қолда бар санын сақтап қалуға немесе жаңа жұмыс орындарын құруға;
өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін пайдалану тәртібіне;
объектінің берешектерін белгіленген мерзімдерде өтеуге;
сенімгерлік басқарушының объектіні кейін сатып алуына;
мәмілелер жасасуға және/немесе белгілі бір уақыт кезеңі ішінде объектіге қатысты айқындалған әрекеттерге тыйым салуға;
объектінің нарықтық құнын төлеу үшін бөліп төлеуді ұсынуға;
объектіні сенімгерлік басқаруға беру кезінде туындайтын салықтық міндеттемелерге қатысты сенімгерлік басқару міндеттемелері объектіні сенімгерлік басқаруға беру шарттары болуы мүмкін.
Басқару органдары кәсіпорындар қызметінің ерекшелігін ескере отырып қосымша өлшемдерді ұсынуы мүмкін.
49. Объектіні сенімгерлік басқарушының сатып алу шарттары шартпен анықталады.
Сенімгерлік басқарушыға объектіні сатуға ол шартты тиісінше орындаған жағдайда ғана жол беріледі. Объектіні сату, сатып алу – сату шартын жасасу арқылы нарықтық құн бойынша жүзеге асырылады.
Сенімгерлік басқару мерзімі ішінде нарықтық құн инфляция деңгейіне сәйкес индекстеуге жатады және сатып алу-сату шартын жасасқан күннен кейін үш жылдан аспайтын мерзімге бөліп төленуі мүмкін. Нарықтық құнды бөліп төлеу мүмкіндігі, сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендердің шарттарына енгізіледі. Нарықтық құнды бөліп төлеудің мерзімі мен тәртібі сатып алу-сату шартында айтылады.
8. Шарттың орындалуын бақылау
50. Шарт талаптарының орындалуын бақылауды коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы жүзеге асырады.
51. Бақылауды жүзеге асыру үшін коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы Шарттың орындалуына байланысты құжаттармен танысады, сондай – ақ қажет болған жағдайда тәуелсіз консультанттарды тарта отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес объектіні басқару тиімділігінің жыл сайынғы мониторингін жүргізеді.
52. Сенімгерлік басқарушы коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысына және пайда түсірушіге өзінің қызметі туралы есепті шартта белгіленген мерзімдерде және тәртіппен ұсынады.
53. Шарт талаптарының орындалуын бақылау сенімгерлік басқарушы міндеттемелерді орындауды аяқтаған сәтке дейін жүргізіледі.
9. Қорытынды ережелер
54. Осы Қағидада көзделген сенімгерлік басқарудың құқықтық қатынастарына Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік - құқықтық актілердің нормалары таралады.
Коммуналдық мүлікті
сенімгерлік басқаруға беру
қағидасына 1-қосымша
Коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендерге қатысуға ӨТІНІМ
Ескерту. 1-қосымша өзгеріс енгізілді- Маңғыстау облысы әкімдігінің 2011.11.28 № 341 (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Кейіннен сатып алу ______________________ _________ мерзімге (құқығымен/құқығынсыз) (жыл)___________________________________________________________________ (объектінің атауы)
сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендер өткізу туралы жарияланған ақпараттық хабарламаны қарап және коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидасымен таныса отырып, мен, өтінімге қол қоюға уәкілетті, төменде қол қоюшы,
____________________________________________________________________ (толық аты-жөні, тегі)______________________________________________________________атынан (атынан тапсырыс беріліп отырған Қатысушы көрсетіледі)
тендерге қатысу өтінімін қабылдауды және 20___ жылғы «__»
____________ ______________________________ мекенжай бойынша өтетін тендерге қатысушы ретінде тіркеуді сұраймын.
2. Біз (мен) ________________________________________сомасында (теңгедегі сома, сондай-ақ жазумен көрсетіледі)тендерге қатысу үшін ақпараттық хабарламада көрсетілген Маңғыстау облысы бойынша Қазыналық Департаментінің (бұдан әрі – Департамент) депозиттік шотына:
____________________________________________________________________
(ЖБК, БИК, СТН, төлем коды, КБе, мекеменің коды)
кепілдік жарна енгіздік (енгіздім).
3. Біздің (менің) қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес еместігіміз айқындалған жағдайда, біз (мен) тендерге қатысу құқығынан айырылатынымызға (ма), біз (мен) тендерде жеңіске жеткен жағдайда біз (мен) қол қойған Тендердің нәтижелері туралы хаттама мен Сенімгерлік басқару шарты жарамсыз деп танылатына келісемін.
4. Егер біздің (менің) тендерлік құжаттама жеңді деп танылған жағдайда, өзімізге тендерді өткізген күні Тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қою және тендер аяқталғаннан кейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей ақпараттық хабарламада көрсетілген және біз (мен) ұсынған тендердің шарттарында Сенімгерлік басқару шартын жасасу міндеттемесін аламыз.
5. Біз енгізген кепілдік жарна сомасы қайтарылмайтынымен және мынадай:
тендер өткізілгенге дейін кемінде үш күн бұрын оған қатысудан бас тартқан;
Тендердің нәтижелері туралы хаттамаға немесе Сенімгерлік басқару шартына қол қоюдан жалтарған;
менің (біздің) Қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес еместігіміз айқындалған жағдайларда Департаментте қалатынымен келісеміз (мін).
6. Осы өтінім Тендердің нәтижелері туралы хаттамамен бірге Сенімгерлік басқару шартын жасасуға дейін қолданылатын шарт күшіне ие.
7. Өтінішке
1) ____________________________________________________________
2) ____________________________________________________________
3) ____________________________________________________________
қоса беріліп отыр.
8. Төлем деректемелері:
_____________________________________________________________________
(бенефициар-банктің деректемелері: банктің атауы, СТН, ЖСК, БСК)_______________________________________________________________
(алушының деректемелері: атауы, СТН, ЖСК, КБе, ағымдағы шоты)
9. Қатысушының толық атауы (заңды тұлғаның немесе аты-жөні) және жеке тұлғаның паспорттық деректері мен тұратын жері (мекенжайы, телефон, факс және т.б.)__________________________________________________________________________________________________________________________________________
__________ _____________________________________________________
(қолы) (сенімхаттың негізінде әрекет ететін уәкілетті тұлғаның аты-жөні)
20___ жылғы «____» _____________
М.О.
________________________
Коммуналдық мүлікті
сенімгерлік басқаруға беру
қағидасына 2-қосымша
Ескерту. 2-қосымша өзгеріс енгізілді- Маңғыстау облысы әкімдігінің 2011.11.28 № 341 (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Кейіннен сатып алу _________________________ _______________ мерзімге (құқығымен/құқығынсыз) (жыл)____________________________________________________________________ (объектінің атауы)
сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендердің нәтижелері туралы хаттама
Тендер өткізілетін күн: _______________________________________
Тендер өткізілетін жер:________________________________________
Сенімгерлік басқару құрылтайшысы:
Сенімгерлік басқару объектісі:_________________________________
(объектінің толық сипаттамасы: мемлекеттік акциялар пакеті,
____________________________________________________________________ қатысу үлесі, мүліктік кешені, жылжымалы және жылжымайтын мүлкі)
Сенімгерлік басқару объектісінің орналасқан жері: _____________ (мекенжайы, телефон, факс, т.б.)_____________________________________________________________________ Объектінің құны: _______________________________________________
(теңгерімдік / ағымдағы)
Тендерге _____________ ( _____________ ) қатысушы қатысты.
(саны, оның ішінде жазумен)
Тендер нәтижелері:
1. Тендердің жеңімпазы: _______________________________________
(тендер жеңімпазы деп танылған Қатысушы көрсетіледі)
2. Тендер шарты және Тендер жеңімпазының ұсыныстары:
1) ____________________________________________________________
2) ____________________________________________________________
3) ____________________________________________________________
4) ____________________________________________________________
Тендердің нәтижелері туралы хаттама тендер аяқталғаннан кейін он күнтізбелік күннен кешiктiрмей Тендер жеңімпазы мен Сенімгерлік басқару құрылтайшысының сенімгерлік басқару шартын жасасу міндеттемесін тіркейтін құжат болып табылады.
_______________________________________________________________
(тендердің нәтижелерімен және тендер жеңімпазының міндеттемелерімен танысу туралы тендер жеңімпазы деп танылған Қатысушының уәкілетті тұлғасының өз қолымен қойған белгісі көрсетіледі)
_____________ ____________ ______________________________________ (күні) (қолы) (аты-жөні, тегі)
Осы хаттама Сенімгерлік басқару құрылтайшысы мен Тендер жеңімпазы үшін бір-бірден екі данада жасалған.
Комиссия төрағасы: __________ ___________________
(қолы) (аты-жөні, тегі)
Комиссия төрағасының орынбасары __________ ___________________
(қолы) (аты-жөні, тегі
Комиссия мүшелері: __________ ___________________
(қолы) (аты-жөні, тегі)
__________ ___________________
(қолы) (аты-жөні, тегі)
__________ ___________________
(қолы) (аты-жөні, тегі)
Комиссия хатшысы: __________ ___________________
(қолы) (аты-жөні, тегі)
_________________________
Коммуналдық мүлікті
сенімгерлік басқаруға беру
қағидасына 3-қосымша
Сенімгерлік басқарудың үлгі шарты
Ескерту. 3-қосымша өзгеріс енгізілді - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2011.11.28 № 341 (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
____________________________________________________________________
(объектінің атауы)
__________________ қ. № ______ 20__ жылғы «____» ___________
бұдан әрі «Құрылтайшы» деп аталатын
____________________________________________________________________
(коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның атауы)
атынан Маңғыстау облыс (қала,аудан) әкімдігінің 20 __ жылғы «____» ____________ №______ қаулысымен бекітілген мемлекеттік мекеме туралы ереженің негізінде әрекет ететін басшы ______________________________
(аты-жөні)
бір тараптан және бұдан әрі «Сенімгерлік басқарушы» деп аталатын,
____________________________________________________________________
(20__ жылғы «___» ______________ №___ жарғының, ереженің, сенімхаттың)
негізінде әрекет ететін _____________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның аты-жөні)
екінші тараптан бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар, төмендегі туралы осы Шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты.
1 Шарттың мәні
1. Бұдан әрі Объект деп аталатын Құрылтайшы Сенімгерлік басқарушыға
_____________________________________________________________________
(мүлік атауы)
сенімгерлік басқаруға береді, ал Сенімгерлік басқарушы Шарт бойынша пайда алушы болып табылатын Құрылтайшының мүдделеріне сай басқаруды жүзеге асыруға міндеттенеді.
2. Сенімгерлік басқаруға берілетін Объектінің сипаттамасы:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3. Объект Сенімгерлік басқарушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Шартта көзделген тәртіппен және шарттарда сенімгерлікпен басқаруға беріледі.
4. Сенімгерлік басқарушы Объектіні сенімгерлік басқаруды иеліктен шығару және оны кепілге беру құқығынсыз жүзеге асырады.
5. Осы Шарт Сенімгерлік басқарушының Объектіге сенімгерлік басқаруды жүзеге асыруға құқығын куәландыратын негіздеме болып табылады.
6. Құрылтайшы Объекті Сенімгерлік басқарушыға берілген күні ол: кепілде тұрмағанын;
1) үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық
2) салынғанын/салынбағанын;
3) сатуға қойылмағанын растайды.
7. Объектіні сенімгерлік басқаруға беру оның меншік құқығын беруге әкеп соқтырмайды.
8. Сенімгерлік басқарушының Объектіні басқару бойынша құқықтары мен міндеттері Объекті Сенімгерлік басқарушыға берілген сәттен басталады. Объектіні беру (қабылдап алу-беру актісін әзірлеу, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акционерлердің, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушылардың тізіліміне сай жазбаларды енгізу немесе сенімгерлік басқаруға берілетін Объектіге байланысты өзгесі) осы Шартқа қол қойылған сәттен бастап ___________________________________________ жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
2. Тараптардың құқықтары
9. Құрылтайшының:
1) жазбаша сұрау бойынша Объектіні басқару жөніндегі Сенімгерлік басқарушының қызметі туралы ақпарат (есеп) алуға;
2) осы Шарт бойынша Сенімгерлік басқарушының қызметіне араласпай, Сенімгерлік басқарушы міндеттемелерінің орындалуын, оның ішінде Объектіні басқару тиімділігінің мониторингін жүргізуге, Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы жөніндегі Басқарушының есебін тыңдау жолымен бақылауға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де әрекеттерді жасауға құқығы бар.
10. Сенімгерлік басқарушының:Ъ/
1) Құрылтайшының мүддесіне сай сенімгерлік басқаруға берілген Объектіге қатысты заңды және іс жүзіндегі іс-әрекеттерді жасауға;
2) мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару кезінде өзі шығарған қажетті шығыстарды өзіне сенімгерлік басқаруға берілген мүлікті пайдаланудан түскен табыстар есебінен ғана өтеуге;
3) осы Шартта белгіленген шектеулерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сыйақыны алу құқығын қоспағанда, өзге де құқықтарды жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне сенімгерлік басқаруға берілген Объектіні сатып алуға құқығы бар.
3. Тараптардың міндеттері
11. Құрылтайшы:
1) Сенімгерлік басқарушыға Объектіні осы Шартта белгіленген мерзімде сенімгерлік басқаруға беруге;
2) Сенімгерлік басқарушыға осы Шарт бойынша оның міндеттемелерін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды беруге;
3) осы Шарттың әрекет ету мерзімі ішінде Сенімгерлік басқарушыны хабардар етпей, Объектіні сенімгерлік басқаруға үшінші тұлғаларға беру туралы шешімдер қабылдамауға;
4) Объектіні кепілдікке бермеуге, үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салмауға және осы Шарттың әрекет етуі мерзімі ішінде үшінші тұлғаларға сатуға қоймауға міндетті.
12. Сенімгерлік басқарушы:
1) Объектіні тиімді басқаруды жүзеге асыруға;
2) Объектінің сақталуын қамтамасыз етуге;
3) Сенімгерлік басқаруға берілген Объектімен жүргізілген мәмілелерді өз атынан жасай отырып, Сенімгерлік басқарушы ретінде әрекет етіп отырғанын көрсетуге;
4) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қажетті болып табылатын рұқсат беру құжаттарын уәкілетті мемлекеттік органдардан алуға;
5) Осы Шартқа сәйкес Сенімгерлік басқарушының құқықтары мен міндеттерін орындауға;
6) Объектіні іс жүзінде иеліктен шығаруға, оның ішінде оны кепілге беруге әкеп соғатын заңды және іс жүзіндегі әрекеттерді жасамауға;
7) Құрылтайшыға өзінің Шартты тиісінше орындамауы салдарынан келтірілген шығындардың орнын толтыруға;
8) Шартты тиісінше орындау мақсатында сенімгерлік басқару бойынша әрекеттер нәтижесінде туындайтын міндеттерді орындауға;
9) Құрылтайшыға _______________ өз қызметі туралы есеп беруге; (ұсыну мерзімдері)
10) осы Шартқа Тараптар қол қойған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде осы Шартты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға;
11) Объектіні Құрылтайшыға осы Шарттың күші жойылғанда (шарттың мерзімі аяқталғанда, Шартты мерзімінен бұрын бұзғанда) 10 жұмыс күні ішінде беруге;
12) басқа да міндеттерді орындауға (сенімгерлікпен басқаруға берілетін Объектілерге байланысты) міндетті.
4. Тараптардың жауапкершілігі
13. Сенімгерлік басқарушы Құрылтайшының мүддесіне сай еңсерілмейтін күш әрекетімен келтірілген зиянды есепке алмағанда, кез келген келтірілген зиян үшін жауапты болады.
14. Тараптар осы Шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
5. Форс - мажор
15. Егер осы Шарт бойынша міндеттемелерінің толық немесе ішінара орындалмауы еңсерілмейтін күш жағдайларының (жер сілкінісі, топан су, өрт, эмбарго, соғыс немесе әскери қимылдар, мемлекеттік органдардың міндеттемелердің орындалуына тыйым салатын немесе қандай да бір кедергі келтіретін нормативтік құқықтық актілерді шығаруы) салдарынан болса, бұл жағдайлар Тараптардың еркіне тәуелді болмаған және осы Шарт бойынша Тараптардың кез келгені өздерінің міндеттемелерін орындауы мүмкін болмаған жағдайда Тараптар ол үшін жауапкершіліктен босатылады.
16. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш жағдайлары, сондай - ақ осы жағдайлардан туындаған салдарлар болған уақытқа тең кезеңге кейінге қалдырылады.
17. Тараптардың кез келгені еңсерілмейтін күш жағдайлары туындаған кезде екінші Тарапқа осы жағдайлардың туындағаны туралы жазбаша түрде 30 күнтізбелік күні ішінде хабарлауға міндетті.
18. Хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу Тарапты кез келген жоғарыда көрсетілген жағдайға міндеттеменің орындалмауы жауапкершілігінен босататын негіздеме ретінде сілтеме жасау құқығынан айырады.
19. Егер Тараптардың міндеттемелерді толық немесе ішінара орындауының мүмкін еместігі 2 (екі) күнтізбелік айдан асса, онда Тараптар осы Шартты бұзуға құқылы.
6. Құпиялылық
20. Тараптар Шартта қамтылған барлық ақпарат құпия болып табылады деп келісті және Тараптар оны қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
21. Тараптардың әрқайсысы екінші Тараптан алынған құпия ақпаратты жарияламауға міндеттенеді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, осы ақпаратты екінші Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға ашуға құқығы жоқ.
7. Дауларды шешу
22. Осы Шарттан туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешіледі.
23. Даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған жағдайда, дау заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының сот органдарында қарауға жатады.
8. Шарттың қолданылу мерзімі
24. Осы Шарт Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және _________________________________________ дейін әрекет етеді.
9. Шарт талаптарының орындалуын бақылау
25. Осы Шарт талаптарының орындалуын бақылауды Құрылтайшы жүзеге асырады.
Құрылтайшы осы мақсатта басқа да мүдделі мемлекеттік басқару органдары өкілдерінің қатысуымен комиссия құра алады. Сенімгерлік басқарушы осындай комиссияның қарауына қажетті құжаттар мен есептерді комиссия белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде беруі тиіс.
10. Өзге де талаптар
26. Осы Шартта көзделмеген қалған барлық жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
27. Құрылтайшы және Сенімгерлік басқарушы өзара келісім бойынша қосымша келісімдер жасасу арқылы осы Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқығы бар, олар осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады және Тараптардың қол қоюға уәкілетті өкілдері қол қоюы тиіс.
28. Барлық қосымша келісімдер осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады және уәкілетті Тараптар қол қоюға тиіс.
29. Осы Шарттың әрекет ету мерзімінің тоқтатылуы, ол бойынша Тараптар міндеттемелерінің тоқтауына әкеп соқтырады, бірақ Тараптардың осы Шарт талаптарын орындауы кезінде бұзушылықтар орын алса, осы Шарттың Тараптарын жауапкершіліктен босатпайды.
30. Осы Шарт бірдей заңды күші бар қазақ және орыс тілдерінде 2 данада, Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан жасалды.
11. Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері
Құрылтайшы |
Сенімгерлік басқарушы |
______________________________________________________________ |
__________________________________________________________ |
Тараптардың қолдары:
___________________________ ___________________________ м.о. |
_____________________________ _____________________________ м.о. |
________________________