Облыстың коммуналдық мүліктерін сенімгерлік басқаруға беру Қағидасын бекіту туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 18 тамыздағы № 244 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 28 қарашадағы № 341 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 15 желтоқсанда № 2115 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 29 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 26.02.2014  № 29 қаулысымен.

      1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Облыстың коммуналдық мүліктерін сенімгерлік басқаруға беру Қағидасын бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 18 тамыздағы № 244 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2105 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2011 жылғы 10 қыркүйегінде № 148-149 (8008) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының тақырыбындағы және 1-тармағындағы «облыстың» деген сөз алып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген, облыстың коммуналдық мүліктерін сенімгерлік басқаруға беру Қағидасында:
      бүкіл мәтіні бойынша «облыстық» деген сөздер алып тасталсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Облыстық коммуналдық мүлкіндегі объектіні кейіннен сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімді, Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысы негізінде, облыстық коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы қабылдайды.
      Аудандық коммуналдық мүлкіндегі объектіні сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімді, облыстық коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган келісімінің қорытындылары бойынша және қала (аудан) әкімдігінің қаулысы негізінде, аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы қабылдайды.»;
      көрсетілген Қағиданың 1-қосымшасында:
      көрсетілген қосымшаның тақырыбындағы және мәтін бойынша «облыстық» деген сөз алып тасталсын;
      көрсетілген Қағиданың 2-қосымшасында «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» деген сөздер алып тасталсын;
      көрсетілген Қағиданың 3-қосымшасында:
      «облыстық» деген сөз алып тасталсын;
      «Маңғыстау облысы әкімдігінің» деген сөздер «облыс (қала, аудан) әкімдігінің» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.С. Қыраубаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



      Облыс әкімі                             Қ. Көшербаев
 
 

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Маңғыстау облысы қаржы
      басқармасының бастығы
      М.Б. Әлібекова
      28 қараша 2011 жыл.

      КЕЛІСІЛДІ:
      Ә.С. Қыраубаев
      Е.Е. Серікбаев
      Ж.А. Оспанова
      А. Әбдешұлы
      М.Б. Әлібекова
      Маңғыстау облысы
      қаржы басқармасының бастығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады