Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 10 тармағына, Қостанай облысы әкімдігінің "Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялардың нормаларын бекіту туралы" 2011 жылдың 10 мамырдағы № 206 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылдың 16 мамырда 3761 нөмірімен тіркелген) сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2011 жылғы 10 маусымға дейін – субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінім ұсыну мерзімі белгіленсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2011 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының субсидияланатын түрлері бойынша егістің оңтайлы мерзімдері белгіленсін.
3. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.А. Алиферецке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жітіқара
ауданының әкімі Қ. Испергенов
КЕЛІСІЛГЕН:
"Жітіқара ауданының ауыл
шаруашылығы және ветеринария
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_________________ Б. Қабиев
Әкімдіктің
2011 жылғы 20 мамырдағы
№ 299 қаулысына қосымша
2011 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының субсидияланатын түрлері бойынша
егістің оңтайлы мерзімдері
№ |
Ауыл шаруашылығы дақылдарының |
Егістің мерзімдері |
1 |
Жаздық бидай, арпа, сұлы, |
15 мамырдан 5 маусым |
2 |
Бұршақтұқымдастар |
15 мамырдан 5 маусым |
3 |
Майлы дақылдар |
18 мамырдан 30 мамыр |
4 |
Жемшөптік (өткен жылдарындағы |
30 сәуірден 15 шілде |
5 |
Жүгері мен сүрлемдік күнбағыс |
15 мамырдан 31 мамыр |
6 |
Бірінші, екінші және үшінші |
20 сәуірден 1 тамыз |
7 |
Күздік бидай және қара бидай |
15 тамыздан 1 қыркүйек |
8 |
Көкөніс және бақша дақылдары |
25 сәуірден 10 маусым |
9 |
Картоп |
10 мамырдан 31 мамыр |